www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

15 Қыркүйек 2019
Әлемдік рекорд: 1000 жаңаарқалық тұрғын бір мезгілде 10 мың литр қымыз пісті

Қазақстанда алғаш рет қымыз пісу бойынша әлемдік рекорд орнатылды. Бұд жетістікке Қарағанды облысының тұрғындары Жаңаарқа ауданының 90 жылдығын және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын тойлау барысында қол жеткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде қазақтың атақты ақын және жазушысының мерейтойы үлкен ауқымда атап өтілді.
Жергілікті фермерлер туған өлкесін әлемге танытты. Рекордты ресми түрде халықаралық сарапшылар тіркеді.
Ерекше акцияға ауданның 12 ауылы мен екі кентінен жиналған 1000 адам қатысты. Олар бір уақытта 10 мың литр қымызды күбіге құйып пісті.
- Мен бұл рекордты жазу үшін арнайы Кубадан ұшып келдім. Ол дайындалған сусын көлемі, акцияға қатысушылар саны және пайдаланылған ыдыстар бойынша саналады. Бізде түрлі рекордтар көп, бірақ осындай алғаш рет жасалып отыр. Барлығын тексердік, өлшеп қойдық. Бір ай ішінде осы рекордтың нәтижесі біздің сайтта жарияланады, - деді Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.
Осы күні Жаңаарқа ауданының басшылығына рекорд орнатылғанын куәландыратын сертификат табыс етілді.
- Бүгін бізде өте маңызды мереке атап өтілуде. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқы көп нәрсені бастан кешірді. Сол кезде халық мүддесін қорғаған ұлы қайраткерлердің бірі Сәкен Сейфуллин болатын. Сол бір қиын-қыстау заманда көптеген қазақтар өз өмірін Отан үшін беруге дайын болатын. Біз осы бір ержүрек батырларымызды мәңгілік есімізден шығармай, болашақ ұрпаққа олар туралы айтып отыруымыз керек, - деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтау сөзінде.
Мұндай жетістікті қайталау қиын болады, дейді рекордтар Кітабының Қазақстандағы ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков. Оның айтуынша, ол бірден 1000 күбі көрген кезде таң қалған, себебі осы бір халық тұрмысының заты қазіргі заманда сирек кездеседі.
- Біз жаңаарқалықтар мен ұлттық сусынымызды бүкіл әлем танитынын мақтан тұтамыз. Қымыз өте пайдалы. Біздің Ералиев ауылынан 100 әйел өзінің күбісін, бие сүтімен және қымыз жасайтын ұйытқысын алып келді. Біз барлығына бірдей киім тікдік, күбіні эмблемамен безендірдік, - деп атап өтті акция қатысушысы, мұғалім Аманкеш Нышанбаева.
Шараға арнайы жазылған Жаңаарқа вальсін ұлттық киім киген жұптар орындады.
Мерекелік іс-шаралар Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Сәкен туған-Жаңаарқа» атты театрландырылған қойылымнан басталды. Шараға Сәкен Сейфуллиннің ұрпақтары, белгілі ақындар Ғалым Жайлыбай мен Серік Ақсұңқарұлы, Шет ауданы мен Қарағанды облысының Құрметті азаматы Қасымбек Медиев және басқа да қонақтар қатысты.
Мереке Атасу кентінен үш шақырым жерде орналасқан Қарауыл төбеде жалғасты. Мұнда 60-тан астам киіз үй орнатылды. Әр түрлі алаңдарда қазақ күресі, аударыспақ, түйе палуан және қол күрес ұлттық спорт жарыстары өткізілді.
Гала-концертте қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ша соңында көп дүркін отшашу атылды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары