www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

21 Тамыз 2019
IX Республикалық Аманжол оқуларына өтінімдер қабылдау басталды


Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» деген атаумен өтетін IX Республикалық дәстүрлі Аманжолов оқулары өтеді. Байқауға өтінімдерді қабылдау басталды.
Биылғы жылы оқуларға «Жас дәурен» және «Әлемге келер әлі талай Қасым...» деген екі номинация қосылады. Шараға қатысуға 16-32 жас аралығындағы жастарды шақырады.
Бірінші санатта қатысушылар Қасым Аманжоловтың өлеңдеріне ән шырқайды. Екінші номинацияда оқушылар ақынға арнаған өздері шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Әр санат екі кезеңнен тұрады. «Жас дәурен» номинациясына қатысушылар қазылар алқасы дайындаған тізімнен Қасым Аманжоловтың әнін таңдап, орындау қажет. Егер төрешілер алқасына үміткердің орындауы ұнаса, қатысушы екінші турға өтеді. Осыдан кейін орындаушы Аманжоловтың өлеңіне өз таңдауы бойынша ән шырқай алады.
«Әлемге келер әлі талай Қасым...» номинациясына қатысушылар іріктеу турында қазылар алқасы мүшелеріне әрқайсысы 100 жолдан аспайтын үш өлең жіберуі тиіс. Олардың бірін Қасым Аманжоловқа, қалған екеуін еркін тақырыпқа арналады. Екінші турға өтушілер өз шығармаларын сахнадан оқи алады.
«Жас дәурен» санатына өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» өз шығармаларын басып шығарылған және электронды түрде 24 қыркүйекке дейін Н.В. Гоголь атындағы кітапханаға тапсыру қажет.
Өтінімде қатысушының толық аты, бүркеншік аты, жасы, жұмыс немесе оқу орны, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны және егер бар болса, жауапты басшының байланыс деректері көрсетілген сауалнаманы қоса беру қажет.
Байқау қорытындысы 25 қазан күні «Шалқыма» концерт залында өтеді. Конкурс ережесімен және өтінімді рәсімдеудің егжей-тегжейлі ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.karlib.kz/index.php/ru/novosti/3267-ix-amanzholovskie-chteniya.
Алғаш рет Аманжолов оқулары Қарағандыда 2011 жылы өтті, шара ақынның 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Кешікпей конкурс республикалық мәртебеге ие болды және жыл сайын өтіп отырады. Биыл байқау ол тоғызыншы рет өтеді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 19°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары