www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

21 Тамыз 2019
Қарағанды мұғалімдері үшін "Кәсіпкерлік негіздері" жаңа пәні бойынша курстар ұйымдастырылды

Оқушылар мен студенттерді кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне үйрететін болады. Бұл пән бағдарламада жаңа оқу жылында пайда болады.

Қарағандыда мұғалімдер үшін жаңа пәнге дайындау үшін әдістемелік курстар ұйымдастырылды.
Оқыту Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында жүргізіледі. Сондай – ақ, мектеп және колледж мұғалімдері мен Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және медицина университеті секілді екі ЖОО-ның оқытушылары партаға отырды. Курс 10 күнге созылады.
- Мұғалімдерді тәжірибелі бизнес-тренерлер, коучтер және менторлар оқытады. Сондай-ақ atameken.co онлайн-платформасында оқушылар мен мұғалімдер қосымша білім ала алады. Бағдарлама теориялық сабақтардан, ойын түріндегі практикалық тапсырмалардан, бизнес-кейстерді, бизнес-ойындарды талдаудан тұрады. Оқытушылар үшін семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлер мұғалімдерді кәсіпкерліктің негіздері туралы ақпараттармен толық таныстырады, - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Қарлығаш Оспанова.
Жоғары сынып оқушылары мен студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне факультативтік түрде үйрететін болады. Оларға маркетинг, баға белгілеу қаржылық есеп, стартап-мәдениет және өз ісін іске қосу және жүргізу үшін қажет барлық басқа да мәселелер бойынша білім береді. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы бағдарлама әзірледі.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 19°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары