www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

23 Шілде 2019
Ақмола облысындағы 10 киелі мекен

Құмай археологиялық-этнографиялық кешені


«Түрік қағандар ордасы». Нұр-Сұлтан қаласының маңында орналасқан Құмай мәдени кешенінің ескерткіштері бірнеше мыңжылдықтың мәдени мұраларын қамтиды. Олар бір аумақта шоғырланып, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық паркінің шегінде, Ақмола облысының Ерейментау ауданында Бұйратау тауының етегінде, жинақталып орналасқан.


Ең жарқын болып антропоморфты мүсінді балбалдары бар түрік мәдени қоршаулары болып табылады. Құмай аңғарындағы салт-дәстүрлік қоршаулар құрылысында көрсетілген ұлы ата-бабаларға тағзым ету мен қастерлеу түркі дәстүрі барынша әсем көрсетілген.
«Қос батыр» діни ескерткішімен қатар, мұнда Ежелгі қазақстан дәуіріне жататын нысандар кешені орналасқан. Мүсіндерде бейнеленген атрибуттар жиынтығы, ыдыс, әшекейлер мен қару-жарақ заттары, заттар болмысының хронологиясынан бастап дәстүрлі түркі қоғамының дүниетанымдық ұстанымдарын әлеуметтік ранжирлеу регламентіне қатысты сұрақтарға дейінгі бөлімдерді қамтитын кешенді археологиялық және этнологиялық зерттеулердің түрлі аспектілері бойынша қайнар көздер ретінде қызмет етеді. Бұл облыс аумағындағы қола дәуірдің, ерте темір ғасыры мен түркі дәуірінің ескерткіштері ұсынылған жалғыз көпкомпонентті мәдени кешен.


Барлық ескерткіштер 5-7 шақырым радиуста, Құмай өзенінің сол жағалауындағы террасада орналасқан. Мәдени мұра мен қоршаған табиғи ортаның ажырамас бірлігінің осындай өкілділігінің ұқсастығы Қазақстан аумағында еш жерде кездеспейді.


Олжабай Толыбайұлының кесенесі
Белгілі тұлғаның қабірі Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр ауылының маңайында орналасқан.
Олжабай – Орта жүз Арғын руынан шыққан танымал қазақ батыры. Бөгенбай батырдың замандасы және майдандас серкітесі болған. 1709 жылы дүниеге келіп, 1783-ші жылы қайтыс болды. Оның атасы Айдабол атақты би болған. Олжабайдың әкесі Толыбай «Ақтабан Шұбырынды» ұлы қасірет кезеңінде халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғаймын деп қаза болған. Сол кезде Олжабай он үш жаста болған. Жас батыр әкесінің бауыры қаратай батырдың қолында тәрбиеленген. Өсе келе шайқастарға қатыса бастаған.
Баянауыл тауларының жотасында жоңғарлармен шайқаста Олжабай батыр ерлік пен батылдық танытып көзге түскен. Оның есімі Орта жүз жауынгерлеріне рух беріп, олардың ұранынан айналған. Олжабай батырдың ержүректігі, батылдығы, садақ атудағы дәлдігі, ақжарқын мінезі жайлы атылатын жырлар мен әндер халық арасында тарқаған.
Олжабай батыр ақын, жазушы, әдебиеттанушы Олжас Сүлейменовтың және қазақтың әйгілі археолог ғалымы А.Х. Марғұланның арғы атасы болып келеді.


 

Науан Хазреттің жерлерген мекені
Наурызбай Таласұлы, халық арасында және әдебиет беттерінде Науан Хазрет есімді тарихи тұлға ретінде танымал. Бүкіл қазақ даласында оны мұсылман дінін, адамгершілікті уағыздаған және Қазақ құқығы үшін күресші ретінде белгілі болған.
Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Көкшетау округінің Мезгіл болысының Жылкелді ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Шұңғырша ұрпағының Қарауыл руынан шыққан. Одан әрі оның шежіресі осындай ретпен жүреді - Шұғыл-Ақан-Құтболат-Талас-Наурызбай.
Бухарадағы жоғары рухани семинарияны аяқтағаннан кейін парсы және араб тілдерін жетік меңгерген, Шығыс әдебиетін жақсы зерттеген, орыс тілінде еркін сөйлеген. 1886 жылдың күзінде Көкшетау соборлық мешітінің имамы болып сайланды. Науан Хазрет халықтың рухани ағартуында көп нәрсе жасады, діни салттарды ретке келтіріп, жеңілдетті. Оның бастамасымен мұсылмандардың қайыр-садақасына Көкшетау орталығында жаңа мешіт салынып, ауылдық моллаларды қайта даярлау курстары ұйымдастырылды. Ол өз халқын кеңінен ақпараттандыру үшін сөз сөйлеген, әсіресе балалардың мектепте білім алуына қатысты көп еңбек етіп, тер төккен. Ислам дінінде және уағыздауда Науан Хазрет қазіргі заманғы білім алу қажеттілігі туралы айтқан. Сондай-ақ, мешіт жанынан Науан Хазрет қайырымдылыққа тапсырылған қаражат есебінен интернаты бар медресе ашқан. Онда мұсылман дініне сай біліммен қатар зайырлы білім беріліп, балалар Абайдың өлеңдерін жатқа оқыған, Біржан сал, Ақан сері әндерін шырқаған. Араб және парсы тілдерін, Шығыс әдебиеті классиктерін - Фирдоуси, Науаи, Саади, Низами және басқа авторларды зерттеуге көп көңіл бөлінді.
Науан Хазрет 1916 ж. Көкшетау қаласында қайтыс болды. Бірақ кейінгі жылдарға дейін оның дәл қай уақытта бақилық болғаны және қайда жерленгені белгілі болған жоқ. Біраз уақыт өткен соң оның жарылып, жерге көміліп қалған құлпытасы кездейсоқ жағдайда табылған. Тастың бетіне араб тілінде "Бұл Көкшетау шаһарының бас имамы Науан-Мұхаммед Таласұлына қойылды, 73 жасында фаниден бахиға көшті, 1916 жыл" деген жазба анық сақталып қалған. Құлпытас бұрынғы қалпына келтірілді.


Баубек батыр кесенесі
Мазар Есіл ауылының қызыл Ту бөлімінде орналасқан.
Баубек Бекмырзаұлы Көкшетау облысының аумағында 1824 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Бекмырза өз заманының дәулетті, әрі танымал тұлғасы болған. Баубек әкесі мен анасынан ерте айырылған. Тоғыз жасында ол әйгілі Кенесары ханның жақын маңайына түскен. Кейіннен Кенесары Қасымұлы оны баласы ретінде асырап алған. Жауыргерлік дағдыларға үйренген. Жастайынан Баубек ерекше табиғи күшімен, ержүректігімен көзге түскен.
15-16 жылдары қырғыздармен болған ірі шайқастардың біріне қатысып, белгілі қырғыз батыры Отыншыны жеңген. Содан бері Баубек батыр атала бастады. Кенесары көтерілісін дайындау және өткізу кезінде оның адал көмекшілерінің бірі болды.
Ол өз халқының құрметіне ие болғандықтан, оның қорғаушысы, патша үкіметіне қарсы көтеріліске қатысушы болды, оның көзқарастарының орындалмауына байланысты, патша әкімшілігі оны Түмен облысына жер аудартып жіберді, ол жерде батыр 1884 жылы қайтыс болды.
Батырдың ұрпақтары өзінің әйгілі ата-бабасын еске алу үшін бірлесе отырып Баубек Бекмырзаұлы кесенесін салды. Оның салтанатты ашылуы 1993 жылы 16 қазанда өтті. Қызыл Ту ауылы атауы өзгертіліп, қазір «Баубек батыр ауылы» деп аталады.
Белгілі себептерге байланысты Кенесары Қасымовтың қозғалысымен байланысты адамдардың есімдері ұзақ уақыт ұмытылған, сондықтан Баубек батырдың өмірі мен қызметі жеткілікті зерттелмеген. Ол туралы тарихи материалдар аз сақталған. Бірақ көптеген қазақ жазушылары өз шығармаларында оның бейнесін бейнелеуге үндеді: Ілияс Есенберлин – «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Сабыр Шәріпов – «Ерден көлі» повесінде, оның есімі белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың редакциясымен шыққан «Қазақ КСР тарихында» да атап өтіледі.


Қабанбай батыр кесенесі
Целиноград ауданының Қабанбай ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қабанбай батырдың (шынайы есімі Ерасыл) есіміне халық мәңгілік мәртебе беріп, ол туралы көптеген көркем шығармалар жазған (поэмалар, аңыздар, толғау, арнау).
Қабанбай XVII ғасырдың соңында Қожақұл батырдың отбасында дүниеге келген. Жоңғар-қазақ шайқастарының басында сұрапыл соғыста оның әкесі мен үлкен ағасы қаза болған. Ал халықтың ашу-ызасы әрдайым жеке драмадан бастап ушығатыны белгілі. 16 жасында Қабанбай жат елдің бодандаушыларымен күрескерлер қатарына тұрды.
Әскери-аристократтық ортада тәрбиеленген жас жігіт қоян-қолтық ұрыстың техникасы мен тәсілдерін жақсы меңгерген, сондай-ақ тактикалық ұрыстың жүргізілуін білетін, бұл оған тез беделге ие болуға көмектесті. Шайқаста ол ерекше төзімділік пен батылдық көрсеткен.
Ол өз мансабын қатардағы сарбаздан бастап, әскери иерархия сатысымен біртіндеп көтеріле бастады: жүзбасы, мыңбасы, түменбасы болған. Ұлы апат жылы (1723) Қабанбай қасиетті Қазақ хандығының астанасы, Түркістан қаласының қорғаныс бастығы болып тағайындалды. Одан әрі ол Алакөл (1725), Шұбартеңіз (1728), Болат (1729), Аңрақай (1729), Іле (1730), Шаған (1735), Шоргинск (1740) сияқты стратегиялық маңызды шайқастардың басында болды. Қырық жылдан астам уақыт аралығында Қабанбай азаттық туын көтеріп күрескен. Осы уақыт ішінде ол 103 ірі шайқасқа қатысты.
Тарихи беттерде қабанбай ержүрек жауынгер ретінде бейнеленген. Батырдың жерленген орнында 25 метрлік кесене орнатылған. Құрылыстың жалпы ауданы 41,3 шаршы метрді құрайды.


«Ботағай» кесенесі
«Ботағай» кесенесі XI-XII ғасырлардағы Орта ғасыр сәулет ескерткіші болып табылады. Ол Нұр-Сұлтан қаласының батысына қарай 120 шақырым, Қорғалжынның шығыс бөлігіне қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Батағай – оңтүстік-батысқа бағытталған басты қасбеті бар порталды-күмбезді кесене. Саяхатшылардың сызбалары мен сипаттамасына қарағанда Батагай орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстанның сәулет-құрылыс өнерінің көрнекті жауһарларының бірі болды. Археологиялық қазбалар басталмай тұрып бұл жер диаметрі 30 метрді құрайтын дөңес ретіндегі ескерткіш болған. Қазба жұмыстары барысында кірпіш алаңшасы ашылды, онда аймақ үшін бірегей геометриялық және өсімдік ою-өрнектері бар кескіш терракот сталактиттер табылған. И. Шингиннің сипаттамасына сәйкес, Ботағай кесенесі 1816 жылы «өте жақсы сәулеті бар ежелгі ғибадатхананың қалдықтары, ішінде бағаналар мен қабырғалары сыланған, оның жанында басқа да осындай кесене тұрды" деп сипатталған.
Бұл деректер Ботағайдың Нұра өзеннің сол жағалауында орналасқан ірі қорымға кіретін маңызды мемориалды-ғибадат ғимараттарының бірі болғандығын көрсетеді. Аталмыш ескерткішті саяхатшылар қателесіп XVIII-XIX ғасырлардағы Ортағасырлық қаланың қалдықтары деп қабылдаған. 1862 жылы қазақ ғалымы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың жасаған Ботағай кесенесінің жоспары бүгінгі күнге дейін сақталған.
Аңыздарға сай, ежелгі уақытта бұл жерде Быты-ғай есімді алып шебер-құрылысшы тұрған. Ол кедей болды, алайда күші ерекше болған. Осы маңдағы хандардың бірі көзі тірісінде кесене салуды шешкен. Осы ойын жүзеге асыру үшін ол Бытығайды шақырған екен. Алып құрылысшы жұмысқа кірісіп, жақын арада Нұра өзеніне жақын жерде кесене бой көтерген. Оның үлкен болғадығы соншалықты, тіпті көлеңкесі өзенге дейін жеткен екен. Ханға шебердің өнері өте ұнаған деседі. Ал Бытығай болса, сол уақытта өзеннен өтетін көпір сала бастаған. Бұл көпір осы күнге дейін Бытығай өткелі деп аталады.
Құрылыс кезінде бағаналардың бірі құлап, алпауытты өлтірген екен. Хан сол кезде қайғыға батып, халқын жинап, былай деген екен: «Бытығай тамаша тұлға, әрі керемет шебер болған еді. Сондықтан мен оның есімін мәңгіге сақтап қалу үшін маған арнап салған кесенеге осы шеберді жерлеймін деп шештім». Бытығайдың есімі осы күндерге дейін «Бытығай мазары», «Бытығай өткелі», «Бытығай соры» деген атаулармен сақталып келген.


Абылай хан алаңы
«Абылай ханның алтын ғасыры» ретінде халық арасында белгілі ханның жарты ғасырлық дәуірі тек мұрағат деректерінде ғана емес, тарихнамада да көрініс тапқан. Өткен ғасырдың өлкетанушысы Қарта Қаңтарбаевтың мәліметтеріне сәйкес, Көкше-Бурабай маңында Абылай есімімен байланысты екі алаң болған: "Үлкен және Кіші алаңы".
Тарихи деректер бойынша алаңда үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның ордасы болған. Абылай хан стеласынан 120 метр қашықтықта Көкше тауының етегінде қазақтар үшін қасиетті орын, Абылай ханның табиғи граниттен жасалған тағы бар. Қазір ол «Хан тағы» деп аталады.
Тақ орнатылған жерден алаң толық көрінеді және дауыс бүкіл алаң бойынша анық естіледі. Сондықтан ұлы хан тарихи шешімдер қабылдау үшін нақ осы орынды неге таңдағаны әркімге түсінікті болар. Осындай шешімдердің бірі - Көкшетау тауының тарихи орнын «Абылай хан алаңы» деп таңдауы. Дәл осы жерде, жүз жыл бұрын, сүйікті Көкше таудың етегіне киіз үй қойып, керемет табиғаттан ләззат ала отырып, Сәкен Сейфуллин өзінің болашақ шедеврі – «Көкшетау» поэмасын жазған. Қазақ поэзиясының классигі, жиналған халық аңыздары негізінде «Кербез Көкше» сұлулығын жырлай отырып, С. Сейфуллин басты кейіпкерлерінің бірі Абылай хан болып табылатын тарихи поэмасын жазды. Көкшетау маңайында, Абылай дәуірінен бізге дейін «Ханкөл», «Төре қызыл ағашы», «Қымызынай», «Оразбұлақ», «Аталықтың ауылы», «Қара қыстақ», «Жұмақай қыстау», «Текекөл», «Жайнақкөл» сияқты топонимдер мен гидронимдер жетіп, сақталған.
XVIII ғасырдағы Қазақ тарихының ұлы тұлғасына арналған «Абылай хан ордасы» атты экспозициялық залы бар сәулет-тарихи кешені мыңдаған адамдардың, оның ішінде жақын және алыс шет елдерден келетін туристердің қажылық ететін мекеніне айналған.


Беспақыр кесенесі
«Беспақыр» мазары - памятник культовой архитектуры Казахстана 30-х годов XIX ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан сәулетінің діни ерекше ескерткіші болып табылады. Қорғалжың ауданының Абай ауылында орналасқан.

Ол ашық дала жерінде, ескі қорымның аумағында, Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан. Халық арасында Беспақыр мазары 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық соғыс жылдарында қаза тапқан бес адамның құрметіне қазақтардың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың басшылығымен салынған деген аңыз сақталған.
«Беспақыр» сөзінің семантикасы сөзбе-сөз «Бес адамға аяушылық білдіру» дегенді білдіреді. Мазар қой сүтінен, жүннен, жылқы қылынан және саздан жасалған шикі кірпіштен қаланған. Беспақыр күмбезді кіреберісі бар саған түріндегі мазардың өзіндік түрін сипаттайды. Шағын көлемді пропорциялар қасбеттік қабырғалардың тегіс формаларын көрсетеді. Шығыс жағынан аса биік емес арка іспеттес кіреберіс күмбезбен жабылған сопақ камераға апарады. Портал осі бойынша қабырғасының биіктігі 3 метр болатын саған түріндегі дөңгелек камераға төменгі арка ойығы орналасқан.


Кенесары хан апаны
Көкшетау өлкесінің солтүстік бөлігінде үлкен көл орналасқан. Жағалаулар жасыл жамылғымен жабылған. Бұл – Абылай ханның ордасы, ал көл - Хан көлі деп аталады. 1802 жылы осы жерде сұлтан Қасымның ордасында ұлы Абылайдың ұрпағы, Кенесары сәби дүниеге келген.
Кенесары Қасымұлы - 1841 жылы қазақ ақсүйектерінің жиналысында сайланған Қазақ ханы, бүкіл Қазақстанды қамтыған 1837-47 жылдардағы ұлттық-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, ұлы Абылай ханның немересі және Шыңғыс ханның лайықты ұрпақтарының соңғы өкілі.
«Оқжетпес» шипажайы маңында, Әулиекөл көлінен оңтүстікке қарай қарағайлар арасында Кенесары Қасымовтың құрметіне аталған шағын үңгір жасырылған. Үңгір сәтті орналасқан. Себебі оның етегінде тас орналасқан, оның биіктігі бүкіл маңайды бақылауға болады. Үңгірдің өзі киіз үйге ұқсайды, онда тіпті түтін мұржасы – үңгірдің жоғарғы жағында сыртқа шығатын тесігі бар. Бұл үңгір Кенесары туралы аңыздармен байланысты болғандықтан туристер арасында өте танымал.
Кенесары батыр жас болған кезде, өз достарымен бірге Бурабай орманына баруды өте жақсы көреді. Түнге оралмас үшін, Кенесары үңгірдегі түнгі қараңғыдан және қолайсыз ауа-райынан жасырынған. Экскурсоводтар туристерге дәл осы оқиғаны айтады.
Бұл аңыз шындық болуы әбден мүмкін. Абылай ханның немересі және Қасымның ұлы болған Кенесары Қасымов 1802 жылы осы шатқалда дүниеге келген. Аң аулауды ұнатқаны да жалпыға белгілі дерек. Сондықтан бұл үңгір оның аңға шыққан кездерде түнеп шығатын жері ретінде қызмет етуі мүмкін.


Оқжетпес жартасы
Оқжетпес әйгілі жартасы. Оның биіктігі теңіз деңгейінен үш жүз метрден аспайды. Бұл жартас Әулиекөл (Бурабай) көлінің жағалауын безендіріп тұрған әсем шың. Деректерге сай, бұл жартас туралы он алты аңыз мен ертегілер қалыптасқан.

«Көкшетау» поэмасын жазғанда ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин осы бір халық көркем шығармашылығының жан-жақты қайнар көздеріне қарап, оларға ерекше мән берген. Қазақ халқының ұлы ақыны, сөзді шебер меңгере отырып, Оқжетпес аңызының мәнін дәл, талантты жеткізе алды және ол жаңаша сипатта айтылған махаббат пен адалдықтың, әйел ар-намысы мен
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 23°C , ылғал 33%, қысым 719, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары