www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

23 Шілде 2019
Қарағандылық жұмыс берушілер «Парыз-2019» байқауына өтініш бере алады

Қарағандылық жұмыс берушілерді «Парыз – 2019» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына қатысуға шақырады. Оған түрлі меншік формасындағы ұйымдар қатыса алады.

Байқауды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастыруда.
«Парыз» байқауы жыл сайын өткізіледі. Ол екі кезеңнен тұрады - өңірлік және республикалық. Шараның мақсаты - жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, тұтастай алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру болып табылады.
Ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының барлық жұмыс берушілерін келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырады:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.));
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);
3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинацияда корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлердің қызметі қаралады).

Байқау лауреаты атағына үміткерлер қағаз және электрондық жеткізгіштерде өз материалдарын рәсімдеп, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Елорданың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» байқауын өткізу ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб–сайтында жарияланды www.enbek.gov.kz немесе www.paryz. enbek.gov.kz.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100000, Қарағанды, Поспелов көшесі,16, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, каб.10. Электрондық мекен-жайы: krggorsobes@mail.ru анықтама телефондары: 56-72-27, 30-01-69.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 23°C , ылғал 33%, қысым 719, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары