www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

25 Маусым 2019
Mining Week Kazakhstan 2019 халықаралық көрмесінде 117 компания өз өнімдерін ұсынды

Қарағандыда тау-кен металлургия кешені мен жер қойнауын ұтымды пайдалануға арналған XV Mining week Kazakhstan 2019 халықаралық технологиялар мен жабдықтар көрмесі ашылды. Оған 16 елден 117 компания қатысуда.

Көрменің ашылуында облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров барлық ұсынылған өнімдер мен технологиялардың болашақта іс жүзінде қолданылуы мүмкін екендігін атап өтті.
- Біздің облыс экономикасының негізін тау-кен металлургия өнеркәсібі құрайды. Қазір өңірде жұмыс істеп жатқан ірі компаниялардан басқа, бізде жалпы сомасы 1,6 триллион теңгеге 37 үлкен инвестициялық жоба бар. Олардың жартысы - шетелдік капиталдың қатысуымен. Және жартысынан көбі тау-кен металлургиялық кешенмен байланысты. Бұл нарықтағы бәсекелестік күшеюін көрсетеді. Сондықтан мұндай көрмелер тәжірибе алмасу, жаңа келісімшарттар мен ынтымақтастық орнату үшін өте қажет, - деді Алмас Айдаров.
Биылғы жылы Mining week Kazakhstan 2019 көрмесіне 40 ресейлік компания өкілдері келді. Олардың бірі «ДЭП» компаниясы тау-кен жабдықтарын жарылыстан қорғау сериясын өндірумен және әзірлеумен айналысады.
- Бүгін біз тау-кен жабдықтары үшін жарылыстан қорғалған серияны ұсынамыз. Бұл шахталар мен кеніштерге арналған автоматтандыру жүйесі - конвейерлерді, су төгілімдерін және желдетуді басқару. Біздің компания нарықта 15 жыл жұмыс істеп келеді, Біз Беларусь Республикасымен, Украинамен және Қазақстанмен ынтымақтасамыз. Бұл көрмеге жыл сайын келеміз. Біздің әзірлемелеріміз сұранысқа ие, себебі кәсіпорындар өз өндірісін көбірек автоматтандырғысы келеді, - дейді «ДЭП» компаниясының өкілі Алексей Тарасов.

Тау-кен металлургия нарығының топ ойыншылары болып табылатын техниканы, жабдықтарды, машиналарды, аппараттар мен құрылғыларды өндірушілер мен жеткізушілер көрмеде өз өнімдерін ұсынады. Келушілер Mining week Kazakhstan-ға алғаш рет қатысатындармен де таныса алады. Бұл Ресейдегі кәсіпорындар - БЕЦЕМА машина жасау зауыты, «Бижур Делимон» ЖШҚ, «Элмон» өндірістік кәсіпорны» ЖШҚ, «НИСМА» КПК ЖШҚ, «КАНЕКС ТЕХНОЛОГИЯ» АҚ. Сонымен қатар жеңдік сүзгілердің фабрикасы (Украина), UNTELKABLO (Түркия), Gambarotta Gschwendt (Италия), «Акалико Казахстан» ЖШС, «ЗАВОД ГОРЭЛТЕХ» ЖШС және «Карьер-Сервис Казахстан» ЖШС.
- Біздің компания инженерлік-техникалық, сондай-ақ өндірістік болып табылады. Ол Италияның солтүстігінде, Австриямен шекарада орналасқан. Біз материалдарды тиеу және түсіруге арналған технологиялық жабдықтарды өндірумен айналысамыз. Биылғы жылы компания 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Біз Қазақстандағы бірнеше компаниялармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз және қазақстандық нарықта қатысуымызды ұлғайтқымыз келеді. Біз бұған өте мүдделіміз, себебі Қазақстан тау-кен өнеркәсібінде қарқын алып келеді. Көмір өндіру саласындағы ынтымақтастықты жолға қойып, нығайтқымыз келеді. Сондай-ақ бізде химия өнеркәсібі мен цемент өндірісінде де тәжірибеміз бар. Біздің ұсыныстарымызға Қазақмыс Корпорациясы мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері қызығушылықт танытты, - дейді Gambarotta Gschwendt компаниясының техникалық-коммерциялық өкілі Маттео Мелькиорри.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, Mining Week Kazakhstan 2019 көрмесінің ерекшелігі - тауарлар мен қызметтер көрме павильонында ғана емес, ашық алаңда да ұсынылуда. Осылайша, өндірушілердің өздері ұсынған жабдықтардың, машиналар мен техниканың қалай жұмыс істейтінін көрсету мүмкіндігі бар.
Mining Week Kazakhstan 2019 «Жастар» спорткешенінің аумағында 27 маусымға дейін өтеді. Көрме аясында семинарлар, кездесулер, сессиялар мен тұсаукесерлер ұйымдастырылады.
Халықаралық көрменің басты мақсаты - тәжірибе және жаңа технологиялар саласында білім алмасу, бірлескен бизнес-жобалар құру үшін түрлі елдерден тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі мамандарының кездесуін ұйымдастыру.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 29%, қысым 724, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары