www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

25 Маусым 2019
Қарағанды облысында жаңа жолдар пайда болады

Облыста республикалық маңызы бар жолдарды ауқымды қайта жаңарту жүріп жатыр. Жұмыстар 2013 жылы басталды. Сол кезде Астанадан Қарағанды, одан кейін Балқаш және Алматыға дейінгі Жолдарды күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл жолдың жалпы ұзындығы - 662 шақырым.

Қазір Қарағанды-Теміртау тас жолының 15 шақырымын қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда негізгі жұмыстармен қатар бетон төсемінің ақауларын жояды.

Қарағанды маңында салынып жатқан айналма жолда қазір 600 бірлік техника мен мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олар қиыршық тас-мастикалық асфальт-бетонның жоғарғы қабатын төсеп, көлік айрықтарын салуда. Аталмыш жол бойында қозғалысты осы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.

Биылғы жылдың сәуір айында Қарағанды-Балқаш тас жолында жөндеу жұмыстары басталды. 2022 жылы бұл бөліктегі жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Балқаш қаласынан Алматыға қарай ұзындығы 143 км трасса учаскесінде жұмыстардың белсенді кезеңі келесі айда басталады.

Жергілікті маңызы бар автожолдарға келетін болсақ, ұзындығы 17 шақырымды құрайтын "Новодолинка-Шахан-Молодецкое" трассасын қайта жаңарту жалғасуда.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша "Қарағанды-Саран-Шахтинск" автожолында ұзындығы 19 шақырым күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде және өңірішілік мобильділікті жақсарту үшін облыстағы 60-тан астам елді мекенді қамтитын жергілікті маңызы бар автожолдардың 19 учаскесінде орташа жөндеу көзделген.
Осы барлық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру маңызды әлеуметтік және экономикалық мәнге ие. Бұл нысандарда 2000-ға жуық жұмыс орны құрылды, қайта жаңартуға 500-ден астам бірлік машиналар мен арнайы техника жұмылдырылды. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 29%, қысым 724, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары