www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

20 Маусым 2019
Қарағандыдан жекеменшік компания ұшақпен алғаш рет қауіпті жүкті шығарды

Қарағандыны қауіпті қалдықтардан тазалай бастады. Алғаш рет қарағандылық жеке компания құрамында ПХД бар қалдықтарды ұшақпен Францияға шығарды. «EcoProf KZ» ЖШС елдің ең ірі кәсіпорындарынан 70 тоннадан астам ластанған қалдықтарды жинады. Полихлорланған дифенил бар жүк Лиондағы Treddi мамандандырылған зауытында жойылады.

Полихлорланған дифенилдер (ПХД) қоршаған орта мен адам денсаулығына аса қауіпті деп саналатын тұрақты органикалық ластағыштар тізіміне енгізілген өнеркәсіптік химиялық заттар болып табылады. Сондықтан құрамында ПХД бар жабдықпен қауіпсіз жұмыс істеу және құрамында ПХД бар қалдықтарды міндетті түрде қауіпсіз жою мәселелері ел үшін өте маңызды болып табылады.
- Polyeco group компаниясымен бірге біз Францияға құрамында ПХД бар қалдықтарды экспорттадық. Олар бізге «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарынан жіберілді. Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын мамандандырылған инженерлік компания ретінде, әрине, Қазақстанның ПХД сияқты қауіпті қалдықтардан құтылуға тырысамыз және ол үшін барынша күш салуға дайынбыз, - дейді «EcoProf KZ» компаниясының директоры Индира Нұртақанова.
Бұдан бұрын 2014 және 2015 жылдары БҰҰ даму бағдарламасы «Қазақстанда ПХД басқарудың кешенді жоспарын әзірлеу және орындау» шеңберінде Қазақстаннан ПХД-қалдықтарды шығару жүзеге асырылды. Содан кейін және осы сәтке дейін ешкім де осыған ұқсас әрекет жасамаған.
- Біз тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс істеу бойынша ел ауқымында осындай күрделі жұмыс жүргізген алғашқы жеке компаниямыз. Бүгінгі күні ПХД-ны тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан мемлекеттердің аумақтарында талап етілген технологиялар мен сол елдер арқылы транзитке тыйым салынуына байланысты ол қауіпті қалдықтарды жою мүмкін емес. Сондықтан Еуропаға әуе тасымалдау бірден-бір тәсіл болып қалады. Осыған ұқсас жұмыстарды үнемі жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деп түсіндіреді Индира Нұртақанова.
Экспорт Қоршаған ортаны қорғау министрінің 24.02.2012 ж. №40-Ө «Тұрақты органикалық ластағыштармен және құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары