www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

20 Маусым 2019
Қарағанды облысының Полиция департаментіне 86 арнайы көліктер табыс етілді

Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Тәртіп сақшыларында заманауи құрылғылармен жабдықталған 86 арнайы көлік пайда болды.
Бүгін, 20 маусымда Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллинге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа арнайы машиналардың кілттерін табыс етті.
Салтанатты шара 23 маусымда еліміз бойынша атап өтілетін Қазақстан полициясы күніне орайластырылды.
- Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің әр азаматының тұрақтылығы мен тыныштығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Тұрғындар әр түрлі өмірлік жағдайларда бірінші кезекте сіздерге жүгінеді. Күндіз де, түнде сіздер алдыңғы қатардасыздар, - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов өз сөзінде.
Өңір басшысы құқық қорғау органдарына нәтижелі және жемісті еңбек тіледі.
Және де облыс әкімі егеменді Қазақстанның барлық жетістіктері тәртіп сақшыларымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдануда. Бірінші кезекте ол планшеттер, бейнетіркеуіштер, процессордлар мен арнайы көліктер.
- Бүгінгі күні қылмыс деңгейінің төмендеуі 25% құрайды. Жергілікті биліктің қолдауы біздің жұмысымызды жақсартуға көмектеседі. Біз бұған өте ризамыз, - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
Жаңа автокөліктерде жол полицейлері мен жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жүретін болады.
"Kia Cerato" және "Lada-URBAN" машиналарын тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу және ашу үшін пайдаланатын болады. Әрқайсысы дабыл құрылғылармен, радиостанциялармен және бейнетіркеуіштермен жабдықталған. "ГАЗ-2705" автокөліктері қамауға алынған адамдарды тасымалдауға арналған.
Салтанатты рәсімнен кейін көліктер қызмет атқару орындарына шықты.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 27°C , ылғал 28%, қысым 708, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.52
Euro 431.32
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары