www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

19 Сәуір 2019
Қарағандылықтар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта жиі ала бастады

Қарағандылықтар арасында «электрондық үкімет» порталына жүгіну үрдісі кең етек жаюда. Облыста үш жылда 880 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілген. Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа үрдістер туралы «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалы директорының орынбасары Айдар Амантаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалымен үш жыл ішінде 8,5 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде қызмет алу саны азайып келеді. Облыс тұрғындары электронды үкімет порталын жиі пайдалана бастады. Бүгінгі таңда egov-те барлық мемлекеттік қызметтердің 67% қолжетімді, - деп атап өтті спикер.
Электрондық үкімет порталында тек е-анықтама алумен ғана шектелмейді. Мысалы, азаматтар үшін электронды форматта автокөлікті қайта тіркеу қызметі қолжетімді болды.
- ХҚКО-на барудың қажеттілігі төмендеп барады. Көптеген адамдар қызметтерді телеграмма-бот және mgov мобильдік қосымшасы арқылы алады. Жыл басынан бері психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерден телеграмма-бот арқылы анықтама алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл өте ыңғайлы және уақытты үнемдейді. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелсеңіз жеткілікті, - деді Айдар Амантаев.
Шалғай кенттер мен ауылдардың тұрғындарына қолайлы болу үшін мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары ұйымдастырылды. Олар облыс бойынша Мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету мақсатында ұйымдастырылған. Үш жыл ішінде мобильді ХҚКО ауыл тұрғындарына 96 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үш жыл бұрын «халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» секілді 4 РМК-ны біріктіру жолымен құрылған болатын. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында мемлекеттік корпорацияның 31 фронт-кеңсесі жұмыс істейді.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 27°C , ылғал 28%, қысым 708, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.52
Euro 431.32
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары