www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

19 Сәуір 2019
ҚарМУ-де ҚР президенттік институттың 30 жылдығына арналған конференция өтті

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсету. Қатысушылар мемлекеттік егемендікті нығайту аясында Қазақстан Республикасы президенттік институтының қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелерін талқылады.
- Еліміздегі Президенттік институттың ерекше тарихы бар. Ол Қазақстан үшін күрделі саяси және экономикалық жағдайда дамыды. 1990 жылдың 24 сәуірінде ҚазКСРО Жоғарғы Кеңесі Президент лауазымын тағайындау туралы заңды қабылдады. Сол кезде Қазақстанда түбегейлі өзгерістер мықты тұлғасыз және тиімді басқару институтынсыз мүмкін болмас еді, - деді Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Азамат Едрисов конференцияны аша отырып.
Ол президенттік институт елімізде тәуелсіздіктің қалыптасуымен бірге дамығанын еске салды. 1995 жылғы Конституция Қазақстандағы президенттік басқару нысанын түпкілікті бекітті. Осы кезеңнен бастап Елбасын Конституцияның жоғары лауазымды тұлғасы және кепілі еткен құзіретінің кеңеюі арқасында Президенттік институт те нығая бастады
- Қазіргі уақытта президенттік басқару нысаны біртіндеп түрлене отырып, Парламенттің және биліктің басқа да тармақтарының өкілеттіктерін күшейтуге бағыт алды. 9 маусымға белгіленген президенттік сайлау елімізде басталған демократиялық реформалардың жалғасуын көрсетеді, - деп атап өтті Азамат Едрисов.
Конференцияда президенттік институт мәселелері, президенттік және парламенттік басқару айырмашылықтары талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезектен тыс президент сайлауының маңыздылығын еске салды.
- 30 жыл – қысқа мерзім, дегенмен біздің еліміз осы уақыт ішінде үлкен жолды жүріп өтті. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан соңғы реформалар, мысалы, Елбасының өкілеттігінің бір бөлігін Парламентке және атқарушы құрылымдарға беру - демократияны одан әрі дамыту үшін маңызды қадам, - деді заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚарМУ заң факультетінің деканы Ғалым Қожахметов.
Конференцияға қатысушылар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылық еткен және жүзеге асырған ауқымды өзгерістер Қазақстанды Орталық Азияның аймақтық көшбасшысының мәртебесін және жалпы әлемдік мойындауын қамтамасыз еткенін атап өтті.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары