www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережелеріне сәйкес, бұл коммуналдық шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың келесі санаты үшін жүзеге асырылады:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау кезінде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары;

- ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

2. Өтемақы коммуналдық қызметтерге келісім шарт және абоненттің жеке шоты болған жағдайда жүргізіледі.

3. Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың өтініші негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде 2 ай ішінде (Сәуір, Мамыр) бір тұтынушыға (үйге/пәтер) он бес мың теңге есебінен (есеп ақы төлеу кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі)

4. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін тұтынушылар ақпараттық жүйелер арқылы E-mail:sh_15000@ krg.gov.kz электрондық адресына (үлгі қоса беріледі), ал олар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган – «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және жеке есеп шотының деректерін ұсына отырып байланыс орталығына өтініш береді.

Шахтинск қаласында жұмыс телефондары және ақпараттық жүйелер арқылы өтінімдерді қабылдауға жауапты жергілікті атқарушы орган – «Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлімі» ММ

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (72156)5-46-77, 8(72156)5-22-33; ұялы.тел.: 8-701-487-11-59 және 8-776-439-39-74; WhatsApp: 8-707-451-76-56 және 8-776-439-39-74 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Шахтинск қаласының әкімдігі

 

Өтініш үлгісі


Размещение информации: 22.04.2020 10:17

Последнее изменение информации: 22.04.2020 15:57

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары