www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Өзіңіздің жылжымайтын мүлігіңізді жария етіңіздер! (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2016ж.31.03. жарияланған)

Өткен жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
      Осы Заңға сәйкес:
Мүлiктi  жария  ету  мерзiмi  2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Мүлiктi  жария  ету үшін құжаттарды тапсыру мерзiмi 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Әкімдік жанындағы қомиссияға тек ҚР аумағында болып табылатын, құқығы ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету ресімдеуі  қалдырылды.
Мүлiктi жария ету үшін азаматтарда қандай құжаттар болуы тиіс екенін тағы да еске саламыз:
1) осы заңның 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада мүлiктi  жария  етуді  жүргізуге өтініш;
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)  аттестацияланған сарапшының құрылымның және ғимараттың техникалық тексеруі бойынша объектінің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі жөніндегі қорытындысы;
4) жылжымайтын объектінің техникалық паспорты.
Мүлiктi жария ету 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын атап өткіміз келеді. Құжаттарды тапсыру мерзiмiнің аяқталуы -  2016 жылғы 30 қараша.
Құрметті Шахтинск аумағының тұрғындары осы ресімдеуді кейінге қалдырмаңыздар, бүгін барлығын асықпай және уақытылы жасауға болады.

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты

 


Размещение информации: 31.03.2016 09:51

Последнее изменение информации: 01.04.2016 10:54

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 20°C , ылғал 44%, қысым 712, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.91
Euro 428.81
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары