www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті жария етуді жеңілдету (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 31 2016ж.05.08. жарияланған)

Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.Жария етуге ҚР азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдардың қатысу құқықтары бар.  Жария етуге келесі мүлік жатады:               
1) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, ҚР аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) (2014 ж. 1 қыркүйекке дейін);  
2) ақша:
3) бағалы қағаздар;
4) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлес;
5) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 
6)  ҚР шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.
Бұл ретте ҚР аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады. 
Құқықтары ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй мекенжайында орналасқан комиссияға құжаттармен жүгіну қажет. 
Жария ету субъектісінің (ақшадан басқа) ҚР аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкіті, ақшаны   жария ету үшін Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, 11 үй мекенжайында орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет. 
Құқықтары ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген мемлекет аумағындағы мүлікті жария ету үшін келесі құжаттарды ұсыну керек: 
1) мүлікті жаряи ету туралы Заңның 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);  
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін; 
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беру (2014 ж. 1 қыркүйекке дейін). 
Екі жағдайда жария ету субъектісі мемлекеттік кіріс органына тиісті декларация тапсырады. ҚР аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi  жария ету:  
1) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларация.
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;  
3) басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Мүлікті жария ету 2016 жылы 31 желтоқсанда аяқталатынын естеріңізде сақтаңыздар, сонымен қатар құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі ағымдағы жылдың 30 қарашасы.

«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ
 


 


Размещение информации: 05.08.2016 14:42

Последнее изменение информации: 05.08.2016 14:44

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары