www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті заңдастыру-міндетіңіз (мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде № 29 2016 ж.22.07. жарияланған)

Шахтинск қаласында және барлық Республика аумағы бойынша мүлікті жария ету шарасы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасуда.Осы шара мүлікті заңды экономикалық айналымға қосу және айтылған мүліктің мемлекеттік құқығын мойындау мақсатында іске асырылады.

Бұл   ретте, мемлекет азаматтарға бір қатар кепілдіктерін ұсынады, олардың ішінде:

Жария етуді өткізу процесінде алынған ақапараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету, оның ішінде, банктік, салық және қызметтік құпияны сақтау.

Тұлғаның жария етілген мүлігіне мемлекеттік органдардың іс жүргізу іс-әрекеттеріне тыйым салынады,  тиісінше, қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған жағдайда тоқтатылуға жатады.

Еліміздің кейбір тұрғындары өз мүлкі  мен материалдық қаржылырын уақытылы ресімдемегенін ескере отырып, мемлекет көлеңкелі экономикадан шығып, өз меншігі құқығын заңдастыруға соңғы мүмкіндік ұсынады.

Баршаңызға белгілі, қаламызда мүлікті жария ету комиссиясы құрылып, бүгінгі күнде тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сол комиссияға барып, өтініш беру керек. Мүліктің құжаттары түгел болуы шарт. Бізде үйі, көлікжайы бар, бірақ баспанасы мен көлікжайын заңдастырмаған азаматтар кездеседі. Ерекше атап өткім келетіні, мүлікті заңдастыру үшін бірінші кезекте жер телімінің құжаттарына мән беріңіздер.

Тағы бір маңызды фактор болып табылатын, Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап жеке тұлғалардың кірістері жалпыға ортақ декларациялау жүйесіне енгізіледі, оның қорытындысы бойынша анықталған, заңсыз салық төленбеген мүлік анықталған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Шахтинск қаласының

экономика және қаржы бөлімі» ММ

 


Размещение информации: 22.07.2016 16:51

Последнее изменение информации: 22.07.2016 16:51

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары