www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүмкіндіктен пайдаланып қалыңыз (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 28 2016ж.15.07. жарияланған)

Қазіргі уақытта салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап салық кодексіне, сонымен қатар, мүлікті жариялауға байланысты заңға да өзгерістер енгізіліп, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Соның нәтижесінде қаншама субъектілер төленбеген салық жауапкершілігінен босатылып, жылжымайтын мүліктерін заңдастыратын құқыққа ие болды.

 

Яғни, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай жеңілдіктер өткенге кешірім жасау арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға зор мүмкіндіктер беріп отырғаны ақиқат. Соған қарамастан, салық төлеуден және мүлкін жария етуден жалтарып, көлеңкелі бизнестің ықпалынан шығалмай жүргендер әлі де аз емес. Біз бұл жерде мемлекет мүддесі деп адамдар төлемеген қаншама миллиондаған салықты және жарияланбаған жылжымайтын мүліктерді айтып отырмыз.

 

Елбасымыз өзі республика халқына кезекті Жолдауында және «Нұр Отан» партиясының съезінде: «Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешкандай жеңілдік болмайды. Бұл жалпылама декларациялау алдындағы соңғы акт» деген еді. Сонымен қатар, Елбасы 2017 жылдан бастап халықаралық  Страсбург конвенциясының шеңберінде шетелдегі және оффшорлық аймақтарда орналасқан барлық жылжымайтын мүлік пен қаржыға тиісті тексерулер басталатынын да шегелеп айтты.

 

Кейбір адамдар даңғарадай үйде тұрады, қымбат көлік мінеді және жиі-жиі шетел асып жүреді. Алайда, тапқан табысының заңдылығын дәлелдей алатын ешбір құжаты жоқ, салық органына тіркелмеген және салық төлемеген, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы қорына бір тиын түспеген. Бұл жерде біз біреудің қалтасындағы ақшаны санау емес, ертеңгі күнгі жауапкершілік мәселесін айтпақпыз. Осы орайда адамдар жалпылама декларация басталған кезде заң алдында не деп жауап береді? Міне, мәселе сонда. Заң алдында бәрі бірдей қазіргі уақытта осы мәселелерге байланысты біраз нормативті-құқықтық актілерге тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның бірі – Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзу кодексінің  275- бабына (салық салу объектілерін және салықтық есептілікке жататын өзге де мүлікті жасыру) енгізілген өзгерістер. Бұл бапта жасырылған мүлік әшкере болған жағдайда салынатын айыппұл көлемі 250-ден 500 айлық есептік көрсеткішті (530 мыңнан 1 миллион 60 теңгеге дейін) құрайды. Ал енді қылмыстық жауапкершілік мәселесіне келіп тірелетін болса, ондай жағдайда субъектінің тартар жазасы (мүлікті тәркілеу мен бас бостандығынан айыру) бұдан да ауыр болатыны сөзсіз.

 

Табысты жақсы тапса да, кейбір адамдар салық органына бір тиын  да табыс салығын төлеп жүрген жоқ.  Себебі, олар өзінің қызметі үшін төленетін ақшаны ковертпен алады. Сондықтан да салық төлемеген субъект өзінің табысының заңдылығын да дәлелдей алмайтыны түсінікті. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Мүлікті жариялау туралы Заң талаптары шеңберінде бәрін заңдастырған және салық төлеуші ретінде мемлекеттік кіріс органында тіркелген абзал.

 

Шахтинск қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы


Размещение информации: 15.07.2016 09:32

Последнее изменение информации: 15.07.2016 14:07

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 20°C , ылғал 44%, қысым 712, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.91
Euro 428.81
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары