www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Кеңес берілді (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 27 2016ж.08.07. жарияланған)

Жуырда Кеншілер мәдениет сарайында мүлікті жариялау акциясына орай ашық есік күні өткізілді. Ұйымдастырылған шарада мүлікті жариялау бойынша Шахтинск қалалық әкімдігінің жанындағы комиссия мүшелері аймақ тұрғындарын толғандырған сұрақтарына жауап беріп, қажетті кеңес берді.
     Акцияның мақсаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлағалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңының нормаларын түсіндіру болып табылды. Естеріңізде болса, еліміздің барлық ақпараттық құралдары, мемлекеттік мекемелер мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатындығын және аяқталатындығын хабарлаған болатын.
     Осыған байланысты өткізілген ашық есік күні акциясында қала тұрғындары аталмыш заңға сай комиссия мүшелеріне сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Мүлікті жария ету заңында көзделген және талап етілген нормаларға сәйкес шара қатысушыларына кеңес берілді. Сондай-ақ, оларға брошюралар таратылды.
     Естеріңізге сала кетейік, осындай ашық есік күні ай сайын жалғасатын болады. Тұрғындармен келесі кездесу 13 шілде күні Кеншілер мәдениет сарайында жоспарланып отыр. Келіңіздер, сұрақтарыңызға жауап алыңыздар.
Н.Ибкеев, мүлікті жариялау комиссиясының хатшысы


Размещение информации: 08.07.2016 11:32

Последнее изменение информации: 08.07.2016 16:39

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары