www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті заңдастыруға асығыңыздар (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 26 2016ж.01.07. жарияланған)

Заңдастыру рәсімі деп заңды экономикалық айналымнан бөлінген табыстарды жасыру мақсатында және ресімделген ҚР заңнамасына сәйкес емес, немесе тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке мемлекеттің құқықтарын тану. Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес, жер учаскесі, үйлер (құрылыстар, ғимараттар)  ақшалар, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі жария етуге жатады

Жария етуге берген субъектілер әкімдіктерде құрылған комиссия арқылы жүргізіледі, сонымен қатар, салық органына өтінішті және құжаттарды тапсыру арқылы. Бұл ретте, құжаттардың тізбесі жария ету тәртібі әрбір жағдай бойынша Заңда көзделген және осы акцияны өткізудің қосымша қабылданған Ережелері және Нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
Жақында ақшаны жария ету рәсімдері түбегейлі жеңілдетілді. Енді қаржыны заңдастыру екі тәсілмен жүргізіледі. Оларды банктік шоттары арқылы көрсету және кез келген өз қажеттілігіне пайдалану, мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және жай ғана алу. Әрі бұнын бәрі 10%-дық алымсыз жүргізіледі. Екінші тәсіл,  шетелдегі немесе қолма-қол айналымындағы, өтініш түрінде, банктік шоттарында көрсетпей ақшаны жария етуге болады. Бірақ бұл ретте бюджетке 10%-ын жинау беріледі. Сол және басқа жағдайда жария етуші субъект  мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны береді.
Қазақстан аумағындағы басқа тұлғаға ресімделген немесе жария ету субъектісінің мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті.Бұл шетелдегі мүлікті жария етуге де қатысты. Жария ету субъектісіне жергілікті әкімдкітердің комиссиясына жүгінулері қажет. Қазақстан аумағында ғана орналасқан, бұрын тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты.
Ерекше айта кету керек, мүлікті жария етуге қатысты  кез-келген мәліметтер салықтық және банк құпиясы болып табылады. Нәтижесінде, ешкімнің де үшінші жақтарға заңдастыру туралы мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ, атап айтқанда, заңдастыру жөніндегі комиссиясының қызметкерлерінің біріде,мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің біріде, екінші деңгейдегі банктердің және пошта қызметкерлерінің бірі де құқықты емес. Мұндай ақпаратты таратқандары үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, жария ету субъектілері, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттерінен қорғалған.Сонымен, мүлік және ақшаны жария етуді қылмыстық іс ашуы мүмкіндігіне немесе дәлелдемелер ретінде пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ, жария етілген мүлік тәркіленуі мүмкін емес.
Акцияға тек жеке тұлғалар ғана қатысады. Акция шарттары бойынша жер учаскелері жария ету объектісіне жатпайды. Салынған объектілер міндетті түрде белгіленген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі тиіс.
С.ФИСАК, Шахан кенті әкімі аппаратының бас маманы
 


 


Размещение информации: 01.07.2016 09:40

Последнее изменение информации: 08.07.2016 16:41

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -17°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 387.37
Euro 428.55
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары