www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті жария ету - маңызды шара (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 25 2016ж.24.06. жарияланған)

Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.  Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Жария етуге Қазақстан Республикасының азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың қатысу құқықтары бар. 
     Жария етуге келесі мүлік жатады:
1) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (2014 жылдың 1 қыркүйекке дейін);  
2) ақша:
3) бағалы қағаздар;
4) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлес;
5) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 
6)  Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.
     Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісі мен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады. 
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй мекенжайында орналасқан комиссияға құжаттарды ұсыну қажет. 
     Жария ету субъектісінің (ақшадан басқа) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкіті, ақшаны жария ету үшін Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, 11 үй мекенжайында орналасқан Шахтинск қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет. 
     Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету үшін келесі құжаттар ұсыну керек: 
1) екі данада мүлікті жария етуді жүргізуг еарналған өтініш (бұданәрі – өтініш);
2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түп нұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін; 
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беру (2014 ж. 1 қыркүйекке дейін). 
     Ақшаны жария ету.
     Ақшаны жария етудің екі жолы бар: бірінші, оларды банктік есеп арқылы көрсету және өзінің кез келген қажеттілігіне пайдалану, мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлік алу және т.б. немесе шешіп алу. Бұнын бәрі  10% - жинаусыз жүргізілетін болады. Екінші, өтініш бере отырып, банктік есепте оларды көрсетпей шет елдегі немесе айналымдағы ақшаны жари яету. Бірақ онда бюджетке  10-жиын төленеді. Екі жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кіріс органына тиісті декларация тапсырады.
Долинка кентінің әкімдігі

 


Размещение информации: 24.06.2016 09:42

Последнее изменение информации: 25.06.2016 11:40

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары