www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті заңдастыру – басты міндет (мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 24 2016ж.17.06. жарияланған)

     Былтыр қарашада Президентіміз Н.Назарбаев  халыққа жыл сайынғы кезекті Жолдауын жариялады. Елбасы өз Жолдауын Қазақстанның соңғы екі он жылдық тарихының нәтижесін бағалаудан бастады.Елбасы үндеуі әлемдік деңгейдегі дағдарыста жақын арада кешендік дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құруды іске асыруды қажет ететін еліміздің әрекетіне арналған болатын.
     Президентіміз Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, республика шегінен тысқарыдағы капиталды заңдастыруда халықтың барлығын белсенді қатысуға шақырды.
     Мемлекет басшысы 2015 жылдың 13 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңына қол қойды. Сонымен қатар, заңды орындау үшін мүлікті жария ету мерзімі Қазақстанда 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жылжымайтын мүлік комиссияның тиісті шешімі шыққан сәттен бастап заңдастырылған болып табылады. Жылжымайтын мүлігін заңдастырған субьектілер, оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап иелік етуіне құқы бар.
     Құжаттар пакеті толық болмағандықтан, мүлікті жария етуге берген жер учаскесінің нысаналы мақсатқа сай болмауынан құжаттар көбіне қабылданбай жатады. Мүлікті жария етуге бас тартудың негізгі себебі, оның қала құрылысының реттемесіне сәйкессіздігі, өртке қарсы және санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сай болмауы болып табылады.
     Жария ету процесін ұйымдастыру үшін Шахтинск қаласы әкімдігімен мүлікті жария етуді өткізу бойынша комиссия құрылды. Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен  2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Тиісті құжаттар Шахтинск қаласы, Қазахстанская көшесі, 101 мекенжайында қабылдануда.
Н.Гарварт, Новодолинский кенті әкімдігінің  бас маманы


Размещение информации: 17.06.2016 11:32

Последнее изменение информации: 17.06.2016 16:35

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары