www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті жария етуге асығыңыздар (мақала «Шахтинский вестник» газетінде №23 2016ж.10.06. жарияланған)

Бүгінгі күні мемлекет қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түрлі себептерге байланысты рәсімделмеген мүлкімізді кезекті рет жария етуге мүмкіндік беріп отыр.
     Жалпы декларация үдерісінің алдында бұл мүлікті заңдастыруға арналған соңғы мүмкіндік болып табылады.
     Мүлікті жария етуге: ақша;  бағалы қағаздар;  заңды тұлғаның  жарғылық капиталына қатысу үлесі; тиесілі емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар (ғимараттар); жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын, олар орналасқан жер учаскелерінің мақсатты пайдалануына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар);  Қазақстан Республикасының шегiнен тыс орналасқан жылжымайтын мүлік жатады.
     ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жариялау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш, жеке куәлік, объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысы, жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.
     Құжаттар Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, мекенжайында қабылданады. жұмыс күндері сағат 9.00- ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14-30–ға дейін; сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін. Сонымен қатар, туындаған барлық сұрақтар бойынша 4-47-71 телефоны бойынша кеңес алуға болады.
     Мүлікті жариялау 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын ұмытпау керек, бірақ құжаттарды соңғы қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 30 қарашасы.

Шахтинск қалалық экономика және қаржы бөлімі
 


 


Размещение информации: 10.06.2016 09:41

Последнее изменение информации: 10.06.2016 17:47

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары