www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті жария ету Заңының мақсаты (мақала «Шахтинский вестник» газетінде №22 2016ж.03.06. жарияланған)

     Елімізде мүлікті, ақшаны жария ету (заңдастыру) Заңы өмірге еңгізілгенімен, заң аясында көпшіліктің түсігіні әлі де қалыптаспаған сияқты. Сондықтан осы мәселені тұрғындар үшін тереңірек қарауда Шахтинск қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Шаяхмет Еслямовпен әңгімелескен болатын.

- Шаяхмет Шайкенұлы, көпшілік Мүлікті жария ету Заңының негізі мақсатын білгісі келеді, осы жайлы нақты айтып өтсеңіз.
- Жария ету мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады.
- Сондықтан жария ету дегеніміз не?
- Жария ету дегеніміз мемлекет тарапынан кезінде жасырған, құжаттары рәсімделмеген, немесе басқа тұлғаға рәсімделген  мүліктің құқығын тануын рәсімдеу. 
- Жалға алынған жер телімін, сондай-ақ, қоршап алынған жер участігін жария етуге мүмкіндік бар ма?
- Жария ету мүмкіндігі жоқ, өйткені жер участіктері жариялау тізімінде көзделмеген яғни заң жүзінде қарастырылмаған.
- Өткізіліп жатқан мүлікті жария ету шаралары қандай нәтиже беруде?
- Мүлікті жария ету шарасы басталғаннан бастап Шахтинск қаласы бойынша 6 объект жария етілді.
- Мүлікті жария ету тегін бола ма және берілген өтінішті комиссия қанша уақыт ішінде қарайды?
- Әкімшілік арқылы жария етілетін біздің мемлекетіміздің территориясында орналасқан мүлік үшін алым төленбейді. Әкімшілікке ұсынылатын құжаттар тізімі мынандай: жария ету туралы өтініш, жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты, объектінің құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы сараптамашының қорытындысы. Комиссия өтінішті ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырады және жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады. Жария ету субъектісіне шешімді табыс етеді.
Ал, егер ҚР территориясынан тыс орналасқан мүлікті жария ететін болса, бұл жағдайда мүліктің құнынан 10 % мөлшерінде алым төленеді. Жария етуші субъект тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына декларация ұсынады, декларацияда мүліктің атауын, құнын және орналасқан жерін көрсетуге міндетті.
- Ақшаны қалай жария етуге болады?
- Ақшаны жария ету екі жолмен жүзеге асырылады:
Бірінші жолы ақшаны жария етуші өзінің ақшасын банк шотына ұлттық немесе шетел валютасында салып (аударып), банктен банк шотына ақшасының салынғаны туралы анықтама алады. Содан кейін мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны ұсынады. Бұл ретте алым төленбейді.
Екінші жолы, ақшаны банк шотына салмай,  жария еткісі келетін сомадан 10 % мөлшерінде алым төленеді және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына декларация ұсынылады.
- Заңды тұлғалардың мүлікті жария етуге құқықтары бар ма?
- Жоқ, заңды тұлғалардың мүлікті жария етуі заңда көзделмеген.
- Кейбір тұрғындар арасындағы адамдарда мынадай түсінік қалыптасқан: өздері иелік етіп отырған ақшаны жария етсе, құқық қорғау, салық, тағы да басқа органдар тарапынан жауапкершілікке немесе қылмыстық іске тартылып қалу қорқынышы бар тәрізді. Бұған қандай пікір айтасыз?
- Жария етілген мүлікті тәркілеуге Заң жүзінде тыйым салынатын нормалар  қарастырылған, және қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. Мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынады.
Құрметті Азаматтар! Ел басымыз айтқандай «Жария ету – бұл мемлекет тарапынан жалпыға бірдей мағлұмдауға дейінгі беріліп отырған соңғы мүкіндік, яғни осы  кейін барлық шетелдер бойынша ақпараттар тексеріледі».
Сұқбаттасқан А.Тұржанов


Размещение информации: 03.06.2016 09:43

Последнее изменение информации: 03.06.2016 17:04

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары