www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия ережесі

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «09»қыркүйектегі
001 шешіміне
2 қосымша

 

Мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңының (әрі қарай - Заң) 7 бабының 7 тармағына сәйкес әзірленген және мүлікті жария етуді жүргізу бойынша комиссия қызметін ұйымдастыруға уәкілеттікті тағайындайды.

3. Комиссия функциялары

         3. Комиссияның функциялары болып:
1) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының (бұдан әрі – жария ету субъектісі) өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) жария ету объектiсi (ақшадан басқа) туралы мәлiметтердi белгiлеу;
3) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешімді беру;
4) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;
5) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

3. Комиссия қызметі және қалыптастыру тәртібі

         3.Шахтинск  қаласы әкімінің шешімімен комиссия құрылады, осы комиссияның төрағасы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары тағайындалады.
4. Комиссия құрамына:
1) комиссияның төрағасы;
2) комиссия төрағасының орынбасары;
3) комиссияның мүшелері;
4) комиссияның хатшысы кіреді.
5. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарын іске асыруды жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметтер үшін жауапкершілікті мойнына алады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметтерін комиссияның төрағасының орынбасары орындайды.
6. Комиссияның хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және дауыс беру құқығы жоқ.
7. Хатшы комиссияның отырысына Шахтинск қаласының әкім аппаратының кеңсесі арқылы түсетін материалдардың дайындығын қамтамасыз етеді.
8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін жария етуді жүргізу кезеңіне комиссияның хатшысы штаттық кестеге сәйкес жалақысын сақтала отырып, негізгі қызметтен босатылады.
9. Комиссия қажеттілікке қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жиналады.
10. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау барысында тең дауысқа ие. Дауыстардың теңдігі жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Шешімді қабылдаған кезде комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 мөлшерінде кворум сақталуға тиіс.
11. Комиссия қабылдаған шешімге комиссияның төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары және комиссия мүшелері қол қояды.
12. Комиссияның жұмыс органы Шахтинск қаласы әкімінің аппараты болып табылады.

4. Комиссия құқықтары

13. Комиссия, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін мүлік (ақшадан басқа) туралы қажетті ақпаратты сұрауға;
2) комиссия мүшесіне кірмеген мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдерін тартуға;
3) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген тұлғалардан түсінік алуға;
4) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген жария ету субъектісінің мүлікке тиесілігін белгілеуге құқылы.

5. Жұмыс кестесі 

Дүйсенбі- жұма: 9-00- ден 18-30 сағатқа дейін.
Түскі үзіліс 13-00 – ден 14-30 сағатқа дейін.
Сенбі: 9-00 – ден 13-00 сағатқа дейін.

6. Комиссия  қызметiнің тоқталуы

14. Комиссия өз қызметін Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімінің аяқталуы бойынша тоқтатады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары