www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2014 жыл қорытындысы бойынша Халықтың денсаулығын сақтау мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметі туралы ақпарат

 

Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуде жергілікті атқарушы және өзге де органдардың, халықаралық және өзге де ұйымдардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы №2/31 қаулысымен Халықтың денсаулығын сақтау мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылған. Шахтинск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 20 сәуірдегі XXXII сессиясының шешімімен Кеңестің жеке құрамы бекітілді, оның жұмысы жыл сайын әзірленетін жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2014 жыл қорытындысы бойынша Кеңестің 4 отырысы өткізілді, онда ЖРВИ және тұмау ауруының профилактикасы, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде АВИ және туберкулез инфекциясының профилактикасы, ана мен бала өлім – жітімінің жағдайы, сондай-ақ Шахтинск аймағындағы әйелдер мен еркектердің арасында репродуктивті денсаулықты нығайту жөніндегі салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің жұмысы туралы туралы мәселелер қаралды.

 

2014 жылдың 12 айында аймақтың негізгі
медициналық-демографиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2014 жылдың 12 айы

2013 жылдың                    12 айы

Бағалау

11 айда бала туу

16,28

15,94

2,1% артқан

11 айда өлім

14,16

14,49

2,2% төмендеген

Табиғи өсім

2,12

1,45

46,2 % артқан

Сәби өлімі

6 – 6,7

0

100% артқан

Ана өлімі

0

0

жоқ

Туберкулезбен науқастану

43 – 76,7

39 – 68,0

12,7 % артқан

Туберкулезден қайтыс болу

8 – 14,3

6 – 10,5

      36,1 % артқан

Туберкулездің асқынуы

0

0

жоқ

Онкологиялық аурулар

196 – 349,6

175 – 305,2

 14,5 % артқан

Онкологиялық аурулардан қайтыс болу

70 – 124,8

73 – 127,3

1,9 % төмендеген

ЖҚТА

21 – 36,5

43 – 75,0

51,3 % төмендеген

АВИ/ЖИТС ауруын жұқтыру 

7 – 12,5

4 – 7,0

78,5 % артқан

ҚЖА (қан айналым жүйесі ауруы) ауру

 1839 – 3203,3

1331 – 2447,1

30,9 % артқан

 

 

Аймақтың денсаулық сақтау жүйесінде 855 медициналық қызметкер еңбек етуде, оның ішінде 144 дәрігер, 359 орта медициналық қызметкер, 174 кіші медициналық қызметкер, тағы басқалары – 178.
10 мың адамға дәрігерлермен қамтамасыз ету – 25,1 бір.
Биылғы жылы 5 жас маман келді (4 жалпы практика дәрігері, 1 терапевт - дәрігер). Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының   5 интернімен жұмысқа орналастыру туралы 2015 жылға арналған шарт жасалған.
2014 жылы денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне 3 пәтер берілді. Сонымен қатар, еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жүргендерге, оқу кезінде студенттерге  мемлекеттік тұрғын үй қорынан қайта қалпына келтірілген үйде бөлме сипатындағы тұрғын жай қарастырылған. Қазіргі кезде бұл пәтерде жас маман – жалпы практика дәрігері отбасымен және Шахтинск қаласының емханасында интернатураны өтіп жатқан Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің 2 түлегі тұрып жатыр.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру жұмысы жалғасуда. Скринингтер барлық инфекциялық ауру түрлері бойынша жүргізіледі, оның ішінде артериялық гипертензия мен  жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы, балалар мен ересектердің нысаналы топтарының арасында «В» және «С» гепатиттерін ертерек анықтауға, сондай-ақ, жатыр мойнының обырын, сүт бездері обырын,  колоректалды обырды ертерек анықтауға скрининг жүргізіледі. 2014 жылы қуық асты безінің аденомасын және бауыр обырын, асқазан мен өңеш обырын скринингтік зерттеу енгізілген. 2014 жылы скринингтік тексеріспен халықтың жалпы санынан тексеруге жататындардың 100,2 % қамтылған.
Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізу жалғасуда. Осылайша, 2014 жылы маммографиялық түсірілімдерді цифрлеу үшін цифрлық радиологиялық жүйе, колоноскопы бар эндобейне тірек, жедел жәрдем қызметі үшін жабдықтар сатып алынды. 2015 жылы жалпы 28 млн. тенгеге жүкті әйелдерді және әйелдерді тексеру үшін УДЗ аппараты, гематологиялық анализатор сатып алынды, сонымен қатар, бейне тірегі бар гастроскоп сатып алу үшін лизингке құжаттар тапсырылған.
Үйлестіру кеңесінің қызметі Жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мәселені шешу бойынша қаладағы ведомстволарының сабақтастығын жақсарту, оның ішінде негізгі медико-демографиялық көрсеткіштерді жақсарту, сәби өлімін төмендету және ана өліміне жол бермеу мақсатында өз жалғасын табады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 22.04.2015 09:17

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 27°C , ылғал 33%, қысым 718, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.82
Euro 428.67
Рубль 5.86

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары