www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары

                                                                                                                               

Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі комиссия)
2018 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ 

Іс шара

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1. Ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс

1.1

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарын өткізу

айына екі рет

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.2

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы (ерлі - зайыптылық) туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қаулысының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.3

Комиссия қарауына келіп түскен материалдардың уақытында қаралуын қамтамасыз ету

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.4

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайға, өткізіліп жатқан алдын – алу жұмыстарының тиімділігіне талдау жасау. Қажет болған жағдайда жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау

тоқсан сайын

КТІ және ҚҚК мүшелері,
Шахтинск қ. ІІБ
(келісім бойынша)

1.5

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық және қадағалаусыздық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ жариялау

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.6

Кәмелетке толмағандардың мүліктік, мүліктік емес құқытары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша уақытында шара қабылдауды қамтамасыз ету

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.7

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы, сондай-ақ Прокуратура органдары жолдаған материалдарды, нұсқауларды, тапсырмаларды және ұсыныстарды комиссия отырыстарында уақытында қарау.   Жоғарыда көрсетілген құжаттар бойынша уақытында қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.8

Комиссия мүшелерінің, ата-аналар қоғамдастығының, БАҚ қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын – алу жөнінде семинар өткізу

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

1.9

Қажеттілігіне қарай кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырыстарын өткізу

үнемі

КТІ және ҚҚК мүшелері

2. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралуы тиіс мәселелер

2.1

Комиссияның 2018 жылға жұмыс жоспарын қарастыру

Қаңтар

КТІ және ҚҚК хатшысы

2.2

2017 жыл қорытындысы бойынша аймақтағы  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, қадағалаусыздық және панасыздық жағдайы туралы

Қаңтар

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.3

Кәмелетке толмағандардың білім беру мекемелерінде тегін білім алу құқығын сақтау туралы

Ақпан

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.4

Шахтинск өнірінің кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілікті арттыру бойынша денсаулық сақтау органдарының атқарылған жұмыстары туралы

Ақпан

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының емханасы» КМҚК
Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.5

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларының кәмелетке толмағандарының жұмыспен қамтылуларын, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрғылықты жерлері бойынша қосымша білім беру мекемелерінде үйірмелер мен секцияларға жіберу түрінде жұмыспен қамтылуларын ұйымдастыру туралы.

Наурыз

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының емханасы» КМҚК
Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.6

КБО кәмелетке толмағандар туралы. КБО кәмелетке толмағандарды ұстау мерзімін асыруға және олардың қайта түсуіне жол бермеу.

Наурыз

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.7

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру туралы

Сәуір

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ,
«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ,
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2.8

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сәуір

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.9

Жасөспірімдерді, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға және әлеуметтік қауіпті жағдайға душар болған жасөспірімдерді жазғы сауықтыру науқанына және жазғы жұмыспен қамтуға дайындық барысы туралы

Мамыр

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.10

ҚР БҒМ, ҚР ІІМ және ҚР ДӘДМ «каникул кезінде жұмыспен қамту органына өтініш білдірген жағдайда, ата-аналарының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының немесе асырап алушының жазбаша келісімі бойынша жасы 14-ке толған, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасынан шыққан, ІІБ есепте тұрған кәмелетке толмағанды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-әрекеттері туралы» бірлескен бұйрығын іске асыру барысы туралы

Мамыр

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы» КММ,
Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ

2.11

Балалардың жол – көлігі жарақатын алдын – алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігі ережесін сақтауы туралы

Маусым

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша),
«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.12

Кәмелетке толмағандарды радикалды топтардың анти-қоғамдық әрекеттеріне және басқа да заңсыз іс-әрекеттерге қатысуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы

Маусым

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.13

2018 жылдың І жартыжылдығындағы құқық бұзушылық және қадағалаусыздық жағдайы туралы

Шілде

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.14

Есірткі заттарын, психобелсенді заттарды және алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың есебі, оларды емдеу және оңалту жағдайы мен шаралары туралы.

Шілде

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының емханасы» КМК
(келісім бойынша)

2.15

  • Уәкілетті органдардың кәмелетке толмағандар мен өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар арасында суицид немесе зорлық-зомбылықты алдын – алу жөніндегі жұмысы туралы

Тамыз

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ,
Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.16

Әлеуметтік жетімдікті алдын – алу және балаларды отбсына орналастырудың баламалы түрлерін, патронаттық тәрбие беруді дамытудағы  қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысы туралы

Тамыз

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.17

Шахтинск аймағы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу қорытындылары

Қыркүйек

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.18

Спорт ұйымдарында бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы

Қыркүйек

«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

2.19

Шахан, Новодолинский, Долинка және Северо-Западный кенттерінің жалпы білім беру мектептерінде Шахтинск қаласы ІІБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мектеп инспекторларының қызметін ұйымдастыру туралы

Қазан

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

2.20

Суицидтің алдын алу жобасын іске асыру  туралы

Қазан

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.21

Интернат сипатындағы  білім беру мекемелерінің жатақханаларында оқитын және тұратын жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы.

Қараша

ДМШ балалар үшін №1 ЖББМ директоры

2.22

Қазақстан Республикасының «Зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» Заңын іске асыру шеңберінде ақпараттық науқан және жедел – профилактикалық іс-шаралар өткізу қорытындысы туралы 

Қараша

Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша), «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

2.23

Мүмкіншілігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға қала әкімінің шыршасын, жаңа жылдық ертеңгіліктер мен құттықтауларды өткізуді ұйымдастыру туралы

Желтоқсан

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ,
«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2.24

Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметінің 2019 жылға арналған жұмысын жоспарлау туралы

Желтоқсан

КТІ және ҚҚК хатшысы

 

3. Қоғамдық акцияларды ұйымдастыру

3.1.

Барлық тиісті қызметтердің қатысуымен «Балалар түнгі қалада», «Тұрмыс», «Жасөспірім» атты жедел – алдын алу шараларын өткізу.

Тоқсан сайын

КТІ және ҚҚК мүшелері, Кент әкімдері, БАҚ

3.2.

«Мектепке жол», «Балаларға жылулық сыйлайық»  кең ауқымды акциясын өткізу  

Жыл бойы

КТІ және ҚҚК мүшелері, Кент әкімдері, БАҚ

3.3

Халықаралық отбасы күніне арналған (15 мамыр),  Қазақстандық отбасы күніне (13 қыркүйек) арналған іс - шаралар ұйымдастыру және өткізу 

мамыр-қыркүйек

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, комиссия мүшелері

3.4

1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық және бұқаралық іс – шаралар  ұйымдастыру (қала және кенттердің орталық алаңдарында балалық шақ фестивалдары, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қолдау беретін қайырымдылық акциялары)

маусым

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, комиссия мүшелері

3.5

Денсаулық күнін өткізу шеңберінде бұқаралық спорттық іс – шаралар ұйымдастыру

7 қыркүйек

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, медициналық ұйымдар, комиссия мүшелері

3.6

 «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты науқан шеңберінде іс – шаралар, семинарлар, дәрістер өткізу

қараша –желтоқсан

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ, Шахтинск қаласының ІІБ ЖПҚ (келісім бойынша)

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 12.01.2018 08:52

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары