www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2015 жыл қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпарат

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында Шахтинск аймағында Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) өз жұмысын іске асырады.
Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаттары, ішкі iстер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері. Комиссия хатшысы Шахтинск қаласы әкімі аппаратынның штаттық лауазымында қызмет ететін бас маман. Комиссия құрамына енгізу және комиссия құрамынан шыққан немесе комиссия мүшелерінің отырысына ұзақ уақыт бойы қатыспаған комиссия мүшелерін комиссия құрамынан шығару жөніндегі өзгерістер дер кезінде қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізіледі. Осылайша, Шахтинск қалалық мәслихаты сессиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1223/41 шешімімен 17 адамнан тұратын комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын - алу саласында мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметтерін отырыс өткізу арқылы үйлестіруді қамтмасыз ету болып табылады.
Комиссия отырысы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын – алу туралы», «Бала құқығы туралы», «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, сондай-ақ Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрпайы қағида ережелерінің негізінде жасалған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
Қолданымдағы заңнамаға сәйкес комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет Шахтинск қаласы әкімінің аппаратында  міндетті түрде кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің, білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен өткізіледі, сондай-ақ прокурор шақырылады.
2015 жылы 27 кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына қатысты комиссияның 24 отырысы өтті.  
Мемлекеттік мүдделі органдардың кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының профилактикасы, олардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын – алу жөнінде атқарылған жұмысы туралы 25 есебі тыңдалды.
Өткізілген отырыс қорытындылары бойынша Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру және арнайы білім беру мекемесіне жіберу мәселесі бойынша 12 талап ету өтініші жолданды, оның ішінде 6 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтініш бойынша ата-ана құқығын шектеу шешімі қабылданды және арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы 7 өтініш қанағаттандырылды. Арнайы білім беру мекемелерінде болу мерзімі өткеннен кейін кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру мәселесі комиссияның ерекше бақылауында тұр. Осындай бақылауда жасөспірімдер білімін жалғастырып жатқан білім беру мекемелері және КІТ инспекторлары да жүзеге асырады.
Комиссияда КІТ және мектепішілік бақылауда тұрған  қараусыз, құқық бұзушы кәмелетке толмағандардың біріңғай мәліметтер базасы бар. 2015 жыл қорытындысы бойынша мектепішілік бақылауда 58, КІТ есебінде – 109 кәмелетке толмаған тұр. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы және мемлекеттік қолдауға мұқтаж тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларын анықтау жөніндегі мәліметтер үнемі жаңартылады және түзетіледі. Бүгінгі таңда мұндай отбасылар – 76. 10 және одан да астам күндер бойы сабаққа келмейтін балалар мен кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер бар ай сайынғы мониторинг, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қатысуымен жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы мониторинг, бала жарақаты мен өлімі, олардың себептері мен жағдайлары туралы мәліметтер жөніндегі мониторинг жүргізіледі. Мұндай отбасылармен кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың тұрғын –үй тұрмыстық жағдайын тексеру және қажет болған жағдайда оларды есепке алу сипатындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, жүргізіліп отырған аталмыш мониторингтер кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне уақытында шара қабылдауға, сондай-ақ балаларға білім берудің қолайлы нысанын табуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың баланың тұрып жатқан жерін анықтау және бала тәрбиесінен жалтарған ата-анаға қатысты шара қабылдау бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттестігін үйлестіру мақсатында Комиссия кәмелетке толмағандардың құқығын бұзу, олардың заңды мүдделерін бұзу деректерін жою, сондай-ақ көрсетілген отбасыларының тұрмыстық жағдайына бақылау жүргізу жөнінде ұсыныс енгізеді. Жыл басынан бастап осындай 4 ұсыныс жолданды.
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау деректерін алдын – алу және оған жол бермеу жөніндегі жалпы білім беру мектептерінің жұмысындағы формализмді жою жөніндегі ұйымдастыру – практикалық шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізілді. Барлық білім беру ұйымдарындағы үйірмелер мен секциялардың жұмыс жоспарлары қайта қарастырылған, толықтырылған және бекітілген, суицидке әрекет ету және суицид деректері туралы Комиссияға жедел ақпарат беру, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын – алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық ақпаратты ұсыну туралы ұсыныс берілген. 
Сонымен қатар, қауіп тобындағы оқушылар мен өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушылар арасындағы суицидтік мінез – құлық профилактикасына ерекше бақылау жасау мақсатында бұл мәселе аймақтың әр білім беру ұйымының директорының жұмыс кеңесінің күн тәртібіне енгізілді.
Аймақ мектептерінде ата-аналар отбасылық тәрбие, тәрбиелеуге салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, балалардың еңбегі мен демалысы, мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық саласындағы психологиялық – педагогикалық білімді меңгеруі жөнінде ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарында дайындалатын жылдық іс-шаралар жоспарынан бөлек, кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында суицидті алдын – алудың 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осылайша, суицидті алдын – алу жөніндегі жұмыс жоспарының шеңберінде, 2015 жылғы 26 қыркүйекте барлық білім беру мектептерінде Қарағанды облысының Білім басқармасының өзара іс-қимыл жасауымен ата-аналар жиналысы өткізілді. 1 бөлім онлайн режимде өткізілді, 2 бөлім білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтті, жиналыс барысында балалар мен жасөспірімдердің психикасына кері әсер ететін факторлар туралы мәселе қарқынды талқыланды, интернет құралдары арқылы ақпарат алуға бақылау жасау жөнінде ұсыныс берілді.
Өз кезегінде, мектептің әлеуметтік – психологиялық қызметінің қауіп тобындағы (аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар) балалармен жүргізілетін жұмысы өз кезегінде күшейтілген, дәлірек айтқанда әр қиын жасөспірімге оның әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеру актісін уақытында жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілген, мектеп ішіндегі ортада әлеуметтік әділетсіздікке жол бермеу, суицидтік жағдайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар берілген.
Кәмелетке толмағандардың арасында суицид жасауға әрекет етуге жол бермеу жөнінде уақытында көмек көрсету үшін аймақтық бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдарында сенім телефондары жұмыс істейді, ол телефон нөмірлері бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар туралы, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстар (құқық бұзушылықтар) туралы, сондай-ақ, балалар мен кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты әртүрлі мәліметтерді хабарлауға болады. Олардың арасында қала прокуратурасы мен әкімдігі, білім бөлімі және ішкі істер бөлімі.
Бұл телефондардың жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат қалалық «Шахтинский вестник» газетінде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет – ресурсында жарияланған.
Қадағалаусыз және панасыз, себепсіз сабақты босататын кәмелетке толмағандарды, тұрмысы нашар отбасындағы балаларды, сондай-ақ бала еңбегінің ең жаман түрін қолдану деректерін анықтау мақсатында «Балалар түнгі қалада», «Есірткісіз көше», «Жасөспірім» және тағы басқа республикалық және өңірлік жедел – профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Осылайша, 2015 жыл қорытындысы бойынша Шахтинск аймағы аумағында кең ауқымды 25 іс-шара өткізілді.
Акция өткізу барысында 80 рейдтік іс-шара өткізілді, оның ішінде 45 тұрмысы нашар отбасы тұрғылықты орны бойынша тексерілді, 16 үй төлелері мен 10 шағын аудан, 3 базар және 2 автовокзал тексерілді.
Акцияға ІІБ қызметкерлерінен, білім беру, дене шынықтыру, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өкілдерінен тұратын 40 адам қатысты.
Рейдтік іс-шара өткізу барысында кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта заңды өкілінсіз жүру бойынша 39 дерек анықталды, Оларға және олардың ата-аналарына қатысты профилактикалық сипатта әңгіме құрылды, Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды заңсыз өкілінсіз тұратын жерінен тыс жерде жүруіне жол бергені үшін 28 ересек адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111 - бабы бойынша 14 әкімшілік матариалдар дайындалды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес Шахтинск қаласы ІІБ қызмет көрсететін аумақта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 8-ден 14 –ке дейін өскені  байқалады.
Қылмыс жасаған және жауапкершілікке тартылған тұлғалардың сипаттамасы қылмыстар 14-тен 17 жас аралығындағы тұлғалармен жасалғандығын, оның ішінде 5 – уі мектеп оқушылары, 8-і колледж оқушылары және 2-уі орналастырылмаған кәмелетке толмаған. Жасалған 13 қылмыс бойынша тергеу жүргізілген және қылмыстық істер екі тараптың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылған. Тағы да бір қылмыс бойынша кәмелетке толмаған қылмыс жасаған үшін айыпты деп танылды және оған бір жыл мерзімде сынақ мерзімімен шартты жаза тағайындалды. Кәмелетке толмағандармен жиі жасалатын қылмыстардың арасында ұрлық (7), тонау (2) және бұзақылық (2) жиі кездеседі.
Жасалған қылмыс деректері бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілді және қылмыс жасаған оқушыларға ерекше бақылау жасалады.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін мектеп және аймақтық инспекторлардың штаттары 90% ықшамдалған, олардың саны бүгінгі таңда 9 адам (штаттық кестеге сәйкес 10), бүгінгі таңда  КІТ 1 инспекторына сұраныс бар. Сонымен қатар, Шахтинск аймағының жалпы білім беру мектептерінің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының штаты толық қабылданған (12 психолог және әлеуметтік педагог). 
Бұл қызметкерлермен қылмыстық және әкімшілік заңнама нормаларын келтіре отырып, құқық бұзу мен қылмыс жасағаны үшін көзделген жазалар мен жауапкершілік шараларын түсіндіре отырып лекция, сұхбаттасу сипатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2015 жыл ішінде профилактикалық сипатта 170 лекция оқылды.
Бала тәрбиесімен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған әр баланы анықтаумен және оларды уақытында орналастырумен байланысты проблемаларды шешуде отбасына көмек көрсету мақсатында білім бөлімінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі сектор жұмыс істейді.
2015 жыл ішінде барлығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 кәмелетке толмаған анықталды, оның ішінде 10 балаға қатысты қамқоршылық пен қорғаншылық белгіленді, 11 бала мемлекеттік балалар мекемесіне жіберілді. Бүгінгі таңда әлеуетті отбасы тізімінде бала тәрбиелеуге алуға дайын 7 отбасы тұр.
Жылына 2 рет әлеуметтік педагогтар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Шахтинск аймағындағы мектеп директорлары балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандармен бірге қорғаншыларға бақылау жасау үшін олардың үйлерін аралайды.
Жыл басынан бастап балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі сектор мамандары 60 өтініш қараған және кәмелетке толмағандарға  тұрақты тұру үшін өзге елге шығуға рұқсат берген.
Жас отбасын дамыту және бала тәрбиесіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 2014 жылдың 3 мамырында Шахтинск аймағында мектепке дейінгі балалардың жан – жақты дамуымен айналысатын «СоНик» бос уақыт өткізу және дамыту жөніндегі балалар орталығы ашылды. Орталықта балаларды диагностикалайтын, ата-анаға ұсыныс жасайтын, балалардың жеке даму бағдарламасын жасайтын, сондай-ақ ата-аналар үшін бала тәрбиесі мен дамуы, балалар мен ата-аналардың қарым – қатынасындағы проблемалар туралы мәселелерді қамтитын психологиялық тренингтер өткізетін психологиялық қызмет жұмыс істейді.
Қазіргі кезде орталықта шығармашылық шеберхана, тіл үйрену курстары жұмыс істейді. 2016 жылғы ақпан айынан бастап сабақтар                          1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін Монтессори  жүйесі арқылы өткізілетін болады. Бұдан әрі 3-жастан театр студиясын, би үйірмесін және босануға дайындық курсын ашу жоспарланып отыр.  
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын – алудағы негізгі бағыттардың бірі балалардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру болып табылатындығын атап өту қажет. 
Қазіргі уақытта жалпы білім беру мектептерінде 209 үйірме және спорттың әр түрі бойынша 46 спорт секциясы жұмыс істейді,  оларға 5000-нан астам оқушы қатысады, оның ішінде 451 бала аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасынан шыққандар, 80 бала  КІТ және мектепішілік бақылауда тұрғандар. Олардың көбісі әртүрлі ауқымдағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
4 мектептен тыс ұйымда, Ресурстық жастар орталығында және оның кенттегі филиалдарында 3000 – нан астам адам жұмылдырылған, оның ішінде 300-і аз қамтылған отбасынан шыққан және КІТ есепте тұрған балалар.  
Жазғы уақытта балалардың бос уақытының қамтылу деңгейін арттыру, дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында  білім беру ұйымдарында тамақтандырумен мектеп жанындағы 12 лагердің жұмысы және мектеп жанындағы 12 алаң жұмысы ұйымдастырылды, онда 5680 оқушы демалды және сауықты.
Сондай-ақ, аз қамтылған отбаыснан шыққан (420 бала) және қорғаншылықтағы балаларға (109 оқушы) ерекше көңіл аударылады. Аз қамтылған отбасынан шыққан және қорғаншылықтағы балаларды сауықтыру үшін 2015 жылы қалалық бюджеттен 3 млн. тенгеден астап қаржы бөлінген. Қаладан тыс жерде орналасқан «Березники» лагерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы санаттағы 21 бала демалды (1 млн.300 мың тенге).
Қалалық мәдениет сарайы үйірмелері мен спорт секцияларының басшылары тұрмысы нашар отбасынан шыққан кәмелетке толмағандарды үйірме және секция жұмыстарына тарту жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, мысалы, Шахтинск қаласының МС ауыр атлетика спорт секциясының 35 қатысушысының ішінде тұрмысы нашар отбасынан шыққан, КІТ есепте тұрған балалар саны 19. Балалар әртүрлі деңгейдегі спорттық – бұқаралық іс-шараларға белсене қатысады. Жалпы үйірмелер мен секцияларға келіп жүргендердің саны 96 адамды құрайдщы, оның ішінде 29-ы мінезі девиантты  бала.
Жасөспірімдерді мәдени – бұқаралық іс-шараларға және спортпен белсене айналысуға тарту мақсатында кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру және қамту жұмысы жалғастырылады.
Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды алдын – алуға бағытталған іс-шаралар «Шахтинский вестник» газетінде қарқынды жарияланады. Мысалы, «Баршамыз бірге балалар еңбегін жоямыз!», «Баланың орны - отбасында» және тағы басқа ұрандармен «Қауіпсіз жаз», «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» сияқты мақалалар жарияланды. 
Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі Комиссия отырыстарында үнемі қаралады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгертулерге сәйкес коммуналдық тұрғын – үй қорынан тұрғын жайға мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша жеке тізім жүргізіледі.
Осыған байланысты, Шахтинск қаласында жасы жиырма тоғызға толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімі жасалған. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 136, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін тізімге 131 бала қойылған, 5 баланың меншік құқығында баспана бар.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Заңның 74 - бабының 4- тармағына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай алуға бірінші кезекті құқығы бар.
Комиссия отырыстарының қаулыларын және қабылданған хаттама шешімдерін уақытында орындалуына бақылау жасау мақсатында жауапты органдар талап – арыз көшірмелерін қоса бере отырып, нақты берген күнін растайтын анықтама сипатында  олардың орындалу қорытындыларын жазбаша түрде Комиссияға жолдайды.
    Шахтинск аймағында қалыптасқан алдын – алу жүйесі кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жасөспірімдер мен бала тәрбиесімен айналыспайтын ата – аналар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздық жағдайына әсерін тигізе алады.
Осыған байланысты, Комиссияның бұдан арғы жұмысы қолданымдағы заңама талаптарын сөзсіз орындауға негізделе отырып ведомствоаралық бақылауды күшейтуге, отбасыларындағы тұрмыстың нашарлауын ертерек анықтауға, балалардың және ата – аналардың психологиялық – педагогикалық, медициналық құқықтарын қалпына келтіру және оларды қолдауға жағдай тудыруға бағытталатын болады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 14.03.2016 11:53

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 31%, қысым 717, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары