www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

Сенім телефондарының жұмысы туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты, қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері жоғарыда көрсетілген құбылыстарды және осы топтағы тұлғалардың қоғамға қарсы әрекеттерін алдын – алу, осыған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды әлеуметтік оңтайландыру, заңды тұлғалардың осы мәселе жөніндегі қызметтерін үйлестіру болып табылады.
Қойылған мәселелерді шешу үшін қала прокуратурасы жанында 2011 жылдан бастап уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен тұратын жұмылдыру тобы жұмыс істейді.
Олардың өкілдерімен төменде көрсетілген сенім телефондары арқылы байланысуға болады:
-қала прокуратурасы:    8(72156)5-18-30, 5-21-98;
- қала әкімдігі: 8 (72156) 5-41-98, Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Жумагулова Жадыра Канатовна;
- қаланың ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі: 8 (72156) 3-94-44 или 102, Шахтинск қаласы ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтың аға инспекторы Ревина Елена Витальевна;
- білім беру бөлімі: 8 (72156) 5-60-41, «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ балалар құқығын қорғау және тәрбие жұмысы жөніндегі сектордың меңгерушісі  Курмашева Сакен Абилкаировна.
Балалар мен жастар үшін "150" ұлттық сенім телефон желісі
Жоғарыда көрсетілген телефондар бойынша әр адам өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстар (құқықбұзушылықтар), сондай-ақ кәмелет жасына толмаған балалар мен тұлғалардың мүдделерін қозғайтын мәліметтер туралы хабарлай алады.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 19.02.2018 10:06

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары