www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Ақпарат «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылыққа жол бермеуге және оны алдын – алуға, Шахтинск аймағы әйелдерінің өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралармен халықтың барлық санатын таныстыру мақсатында 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» атты акциясы өткізілді. Аталмыш акция Шахтинск аймағының мүдделі мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, қоғам және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Акция өткізу барысында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы» және «Тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын – алу туралы» Заңдарын түсіндіру жөніндегі 11 профилактикалық іс-шара өткізілді. 2016 жылғы 25 қарашада адамдар көп жиналатын жерде Шахтинск аймағы, Абай Құнанбаев даңғылы, 72 үй мекенжайында орналасқан жарық диодты LED-экранда отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша екі тілде 10 бейнеролик трансляциясы көрсетілді. Ә. Бөкейханов атындағы мектеп – лицейде  «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігі волонтерлерінің қатысуымен флеш-моб және «Заманауи қоғамдағы тұрмыстық зорлық – зомбылық проблемалары» тақырыбында лекция өткізілді. Азаматтарды құлақтандыру мақсатында қоғамдық жерлерде осы тақырыпта 300 дана буклет және 40 дана плакат таратылды. Шахтинск кабельдік теледидарының жылжымалы жолағы арқылы отбасы-тұрмыстық қарым – қатынас мәселелері бойынша психологты шақыра отырып, «Жедел желі» телефонының жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат жарияланған. «Шахтинский вестник» газетінде 2016 жылғы  25 қарашада «Акция стартовала» атты мақала жарияланған. 


Размещение информации: 25.11.2016 09:23

Последнее изменение информации: 12.12.2016 11:53

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 23°C , ылғал 45%, қысым 717, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.80
Euro 429.27
Рубль 5.78

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары