www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Комиссия туралы ереже

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2008ж. «____»____________ №___
қаулысымен бекітілген

 

 

Шахтинск қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі мен жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ереже

 

  1. Шахтинск қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі мен жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (әрі қарай Комиссия) консультациялық-кеңестік орган болып табылады.
  2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімдері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық кесімдері, Қарағанды облысы және Шахтинск қаласы әкімдерінің мен әкімдіктерінің кесімдері, сонымен қатар осы Ереже құрайды.
  1. Комиссияның негізгі міндеттері

 

3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жаныңдағы әйелдер ісі мен жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдылықтары мен ұсыныстарына сәйкес Қазақстан 2030 даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Рсеспубликасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегисяна, Қазақстанның қатысы бар жанұя және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық келісім шарттаға сәйкес жанұя және гендерлік теңдікке қатысты қалалық бағдарламалар жинағын құрайды.
2) Жанұяны қорғау және Қазақстан Рсеспубликасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегисян жүзеге асыру мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен қатынасу.
3) Қаладағы гендерлік және жанұялық-демографиялық жағдайды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және жанұялық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар жасау.
4)  әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөнінде аймақтық айқындама мен бағдарламалар құрастыруда қатысу.
5) әйелдерді басшылық лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдерді қабылдау деңгейінің 30% көтермелеуге;
халықты гендерлік оқыту мен ағартуға, оқу-әдістемелік әдебиетті, ақпараттық бюллетендерді, бағдарламаларды, гендерлік дамыту бойынша әдістемелік оқулықтарды құрастыруға,  бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасасуға, гендерлік теңдік мәселелері жөнінде ата-аналарды ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тарттуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштерді енгізуге;
экономикалық салада әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктерін теңдестіруге жеткізуге,  кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, жанұялық бизнесті дамытуға;
жанұя институтын нығайтуға, жанұядағы қарым-ұатынаста әйелдер мен ерлердің теңдік мүмкіндіктерін жоғарлатуға;
жанұя мен жұмыс орнында зорлықты жоюға, әйелдер мен балалр саудасымен күресуге көмектесу;
6) халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, демографиялық деңгейді жақсарту, өмір сүру сапалығын жақсарту жөніңдегі проблемаларды шешу және ұсыныстар енгізу,
7) жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен,   мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен қатынасу, әйелдер, жанұя мен демография мәселелері жөнінде конференцияларға, кеңестерге,  семинарларға қатысу;
8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың комиссия құзыретіне кіретін  ұсыныстарын қарастыру, Шахтинск аумағы кенттері әкімдеріне қатысты ұсыныстар даярлау, сонымен қатар Қарағанды облысы әкімі жаныңдағы әйелдер ісі мен жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұсыныстарын қарастыру.
9) жанұя мен әйелдер мәселесіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарландыруларын қарастыру.

  1. Комиссия құзыреті

 

4. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) өз отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, заңды тұлғалардан қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұрауға;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарына, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне жыныстар теңдігі, жанұя мен демография мәселелері жөніндегі нормативті құқықтық актілердің бұзылу деректері бойынша тексерістер мен қызметтік тергеу өткізу қажеттілігі бойынша хабарласуға;
4)жыныстар, жанұя және демография теңдігі мәселелеріне қатысты қала әкімдігі мен әкімінің кесімдерінің жобаларына ұсыныстар енгізуге;
5) Комисися отырысына Комиссия құзыретіне енетін сұрақтарды қарастыру үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерді, заңды тұлғаларды шақыруға;
5. Түскен азаматтардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдары хабарламаларын қарастыру қорытындылары бойынша оларға нақты шешім қабыдау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне материалдарды қарастыруға жіберуге құқылы.

  1. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

 

6. Комиссия өз жұмысын осы ережеге сәйкес өткізеді.
7. Комиссияғы төраға басшылық етеді.
Комиссия төрағасының орынбасары бар.
8. Комиссияға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен басқа да заңды тұлғалар өкілдері енеді.
Комиссияның сандық және жеке құрамы Мәслихат шешімімен бекітіледі.
9. Комиссия отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес.
10. Комиссия шешімін отырыста қатысып отырған мүшелерінің дауыс беру санынаның көптігі арқылы қабылдайды.
Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының екіден үш бөлігінен кем болмаған кезде ғана құқылы болып есептеледі.
Комиссия шешімі хаттамамен толтырылады.
11. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия қызметін ұйыдастырады және басшылық етеді.
2) Комиссия отырысының күн тәртібін құрастырады.
3) Комиссия отырысын шақырады және төрағалық етеді.
4) Комиссия мүшелері арасынан Комиссияның күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша баяндаушыны анықтайды.
5) Үнемі Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қала әкімі мен Қарағанды облысы әкімі жаныңдағы әйелдер мен жанұялық-демографиялық саясат ісі жөніндегі облыстық комиссия төрағасына есеп береді.
6) Шешімдердің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жасаған қызметі үшін жауапкершілік жүктеледі. 
12. Комиссия отырысында төраға жоқ кезінде оның орынбасары төрағалық етеді.
13. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін дайындайды.
2) Комиссия шешімдерінің орындаулын камтамасыз етеді және бақылау жасайды.
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне қатыстырылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
14. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарында өздерін алмастыру құқысыз өздері қатысады.

  1. Комиссия қызметін қамтамасыз ету

15. Комиссияның ақпараттық-талдау және ұйымдастыру қызметін қала әкімі аппараты қамтамасыз етеді.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары