www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметінің тиімділігін бағалау әдісі жөніндегі ақпарат

 

Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметі туралы ақпарат

 

Шахтинск қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Шахтинск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі №13/14 қаулысымен құрылған. Шахтинск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы VII сессиясының шешімімен Комиссияның жеке құрамы бекітілген. Осы комиссияның хатшысы қала әкімі аппаратында штаттық лауазымды атқарады.
Жыл сайын Комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары әзірленеді және бекітіледі. 2015 жылға арнап дайындалған жоспарға сәйкес жыл басынан бастап отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде гендерлік тәсілді енгізу туралы, «Ертегі» отбасылық демалу орталығының, «СоНик» балаларды дамыту және бос уақытын өткізу орталығының қызметі туралы мәселелерді қарастыра отырып, Комиссияның 2 отырысы өткізілді. Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде бала тууды реттеу және бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, оның ішінде жалғыз басты, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі Ел Басының тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ, әйелдердің құқықтарын қорғаудағы құқықтық тетіктерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы мәселе бойынша «Әйелдерді қолдау» партияның сайлау алды платформасның бағыты бойынша партиялық жобаның сараптама тобының отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру мақсатында қаланың мемлекеттік мекемелерінде гендерлік теңдікті жүзеге асыоуға жауапты қызметкерлер белгіленген. Әйелдер біздің аймағымыздың қоғамдық – саяси өміріне белсенді түрде қатысады. Мәселен, мемлекеттік атқарушы органдардағы жұмыс істейтін әйелдер саны 72,0%, оның ішінде олардың 14,9 % мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарын атқарады.
Қалалық мәслихатта әйелдер саны 46,2 % немесе 13 депутаттың 6 –ы әйел азаматтар, олардың ішінде 1 депутат - әйел қалалық мәслихат хатшысы болып табылады.
«Шахтинский вестник» газетініде қаланың қоғамдық және саяси өміріне әйелдердің қатысу мәселесі үнемі жарияланады. Басшы әйелдердің жұмысы туралы мақалалар жарияланады, отбасының ұйытқысы әйел-ананың рөлі, оның құқықтары мен мүдделері туралы мәселелер көтеріледі, «Человек и его дело», «Вниманию населению», «Новости региона», «Круглый стол», «Алтын құрсақ аналар» және тағы басқа да айдарлар ашылған және жұмыс істейді.
2015 жылдың басынан бастап қалалық газетте 29 материал жарияланған:
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі бойынша - 2;
- қоғамда әйелдің рөлін арттыру – 13;
- гендерлік теңдік - 5;
- отбасы бизнесін дамыту және жаңа мамандықтарға оқыту – 5;
- әріптестікті және өзара көмек көрсетуді дамыту -4.
Халықты аймақта гендерлік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы құлақтандыру мақсатында жыл басынан бастап қала әкімдігінің электрондық сайтында 10 материал орналастырылған. Толық, мықты және көп балалы отбасының беделі мен маңыздылығын арттыру, жас ұрпақты отбасылық өмірге дайындау мақсатында көлемі 3х6м:
- Абай Құнанбаев даңғылы бойынша «Из век в век, из поколения в поколение передаются нам обычаи, традиции, умения… »;
- Шахтинск қаласына Шахан кенті жағынан кіре берісінде «Саламатты отбасы- Саламатты Қазақстан»;
- 40 лет Победы көшесінде – «Жат балалар болмайды» билборды орнатылған.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Шахтинск аймағы бойынша іс-шаралар жоспары дайыналды және ол бекітілді. Осы жоспарға сәйкес қала және кенттерде көшелерді мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді: қаланың орталық көшелерінде 2 банер, 2 тартылым, қаланың мәдениет сарайында 1 брандмауэр, сондай-ақ қала мен кенттердегі шағын бизнестің ірі обьектілері қасбеттерінде тақырып бойынша плакаттар, маңдайшалар орналастырылды.
Мерекелік іс-шаралардың ең ауқымдысы – 5 наурызда Мәдениет сарайында өткізілген салтанатты жиын мен мерекелік концерт. Жиын барысында әр түрлі саланың өкілдері болып келетін мұғалімдер, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, өндірістік қызметкерлер Қарағанды облысы әкімінің 3 құрмет грамотасымен және қала әкімінің 18 құрмет грамотасымен марапатталды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құрметіне облыс әкімі Н. Әбдібековтің салтанатты қабылдауына біздің аймақтан «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ «Тентек» шахтасының тігінен көтеру учаскесінің көтеру машинсті – Абенова Айтжан Жоламановна қатысты.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балардың шығармашылық деңгейін арттыру, оларды әйел бейнесіне құрметпен және махаббатпен қарауға, ананы сыйлау сезімдеріне тәрбиелеу мақсатында 2 наурыздан 6 наурызға дейін білім беру мекемелерінде салтанатты жиындар, сынып сағаттары, мерекелік ертеңгіліктер, тақырыптық кештер өткізілетін болады. Жоғары сынып оқушылары ұстаздық қызметтің ардагер - әйелдерін құттықтады. Орталық кітапхана жүйесі филиалдарында осы тақырып бойынша кітап көрмелері мен тақырыптық көрмелер ресімделген.
Барлық кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарында еңбек ардагерлерін құттықтап, салтанатты жиын өткізілді. Мысалы, 4 наурызда қаланың орталық ауруханасында 24 еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді, 16 медициналық қызметкерге осы ұйымның әкімшілігінен грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Қалалық емхана және оның кенттердегі бөлімшелерінде әйел -соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған отбасы - көпбалалы аналарға Ашық есік күні ұйымдастырылды (мамандардың тегін кеңестері, тексерулері және сұхбаттары).
7 наурызда Мәдениет сарайы аланыңда және Шахан кентінің базарында жергілікті және Абай мен Бұқар жырау аудандарының ауылшарушылық өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен мерекелік жәрмеңке өткізілетін болады.
Шахтинск аймағының кенттерінде де көп мерекелік іс - шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Новодолинский кенті әкімінің әр түрлі әлеуметтік саланың әйел өкілдерін қабылдауы, Шахан кенті әкімінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізу және ҰОС қатысқан тұлғаларға мекенжайлық құттықтау ұйымдастыру, сонымен қатар, Долинка кентінде мерекелік бағдарлама өткізу және Саяси қуғын – сүргін құрбандарына естелік мұражайында АЛЖИР тұтқындары туралы бейнефильм көрсету.
Жалғыз және аз қамтылған тұрғындарға қамқорлық және көмек көрсету мақсатында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 200 жалғыз басты азаматшаны және мүгедектерді үйлеріне барып құттықтау ұйымдастырылды. Кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмектерінің есебінен 24 аз қамтылғандарға заттай көмек көрсетілді, осы санаттаға 10 адам шаштараз бен моншаға жеңілдіктер алды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша қала әкімі Халықаралық әйелдер күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтады. Биылғы жылы 8 наурызда 4 қыз дүние есігін ашты, олардың аналарына гүл, мамық ойыншық және 25 мың тенге мөлшерінде ақшалай сыйлықпен қоса баланың туу туралы куәлігі табыс етілді.
Қаланың қоғамдық және саяси өміріне қатысу және ондағы әйелдердің маңыздылығын жариялау үшін ағымдағы жылдың 28 ақпанынан 14 наурызына дейін «Шахтинский вестник» газетінде аймақтың дамуына үлес қосқан әйелдер туралы мақалаларды, сондай-ақ ҰОС ардагерлерін, мүгедектерді және тыл еңбеккерлерін туған күндерімен құттықтау жариялау басталған.
Бүгінгі таңда аймақта 18 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Жұмыс істеп тұрған 10 ҮЕҰ қызметі мүгедектерге, әлеуметтік тұрмысы қолайсыз отбасыларына қолдау көрсетуге, балалар мен жасөспірімдерге тәрбие мен білім беруге ықпал етуге, мәдениетті сақтауға және дамытуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Ағымдағы жылда ҮЕҰ мемлекеттік қолдау бағдарламасына қалалық бюджеттен 6,0 млн. теңге бөлінген, оның ішінде 1,0 млн. теңге немесе мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 16,7 % гендерлік саясат жөніндегі іс-шараларды өткізуге бөлінген.
Жобаның мақсаты ең бірінші гендерлік саясат және отбасы қарым –қатынасы психологиясы саласында халықты сауықтыру, сондай-ақ, салауатты өмір салты қағидатында жүріс – тұрысты қалыптастыру мәселесіне аймақ әйелдерін тарта және ынталандыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
Жобаны гендерлік көз-қарасты және гендерлік мәдениетті қалыптастырумен айналысатын белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылатын «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігі іске асырады. Осылайша, «Взгляд молодых» ҚБ салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинар – тренингтерді дайындау және ұйымдастыру, сондай-ақ, ұрпақтар арасындағы және отбасының қоғаммен байланысын нығайту жөніндегі әр түрлі конкурстар, сонымен қатар, отбасылық өмір салтының беделін, әке мен ана рөлін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
Мәселен, Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде әке – ер азаматтың өзін өзі жетілдіру мүддесін арттыру, отбасында және қоғамда балаларды дұрыс тәрбиелеуде өзінің шығармашылық қабілеті мен дарынын көрсету, сондай-ақ, ең үздік әке тәрбиесі тәжірибесін тарату мақсатында Шахтинск аймағы тұрғындарының арасында 2015 жылғы 15 мамырда Шахтинск қаласының Мәдениет сарайында «Үздік әке - 2015» қалалық байқауы өткізілді. Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанған 2-отбасы марапатталды және 5-бала тәрбиелеп отырған анаға мемлекеттік награда – «Күміс алқа» табысталды.
1 Маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеуге байланысты Шахтинск аймағы бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген.
Осы жоспарға сәйкес Шахтинск қаласында және аймақ кенттерінде Балаларды қорғау күніне және мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінің ашылу салтанатына арналған ойын бағдарламасы бар, «Әлемге шаттық сыйла!» мерекелік концертімен 3,0 мыңнан астам ересек және балалар қамтылған.
Балалар музыкалық мектебінде 200 бала қатыса отырып, «Балаға мейірімді қала» атты республикалық акция ұйымдастырылды.
«СоНик» балаларды дамыту және бос уақытын өткізу орталығы «Маленькие модники» атты фестиваль өткізді, «Ертегі» отбасылық демалу орталығында аттракционда тебу үшін 500 сыйлық билеттерді және 200 порция тегін балмұздақ тарата отырып, адам бойындай қуыршақтардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған.
Шахтинск қаласының мәдениет сарайында және Долинка кентінің саяси қуғын – сүргін құрбандарына естелік мұражайыннда «Ертегілер еліне саяхат» атты мульмарафон өткізілді. Шахан кентіндегі «Қарлығаш» аулалық клубында мерекелік концерт ұйымдастырылған, ал Новодолинский кентінде адам бойымен бірдей қуыршақтармен фотосессия өтті және «Аленка» б/б «Праздник мыльных пузырей» мерекесі өтті.
Күні бойы қалалық стадионда, спорт залдарда және аймақтың жалпы білім беру мектептерінің жанындағы алаңдарында әр түрлі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді (атыс, жүгіру, футбол және т.б.), қалалық мәдениет және демалыс саябағында балалар атракционымен тегін тепкізу ұйымдастырылған.
Қала мен кенттердің орталық алаңдарында «Қуаныш сыйла» атты акция өткізілді, онда волонтерлер игі тілектермен бірге ойыншықтар, шарлар және стикерлер таратты.
Мерекеге қатысқан, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларына тегін балмұздақ тарату ұйымдастырылды.
Маусым айы ішінде қалалық бюджеттен 18-жасқа дейінгі 160 мүгедек балаға жалпы 560,0 мың тенге сомаға 3500 тенге мөлшерінде бірреттік материалдық көмек көрсетілді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар 5 маусымға дейін жалғасты және Ресурстық жастар орталығының мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған «Таң Шолпан» атты фестиваль өткізуімен аяқталды.
Сонымен қатар, 1,0 млн. теңге сомасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде зорлық – зомбылық нысандары мен әдістерін, зорлық – зомбылыққа жиі ұшырайтын, зорлық – зомбылық жасайтын тұлғаларды, сондай-ақ, әйелге қатысты зорлық – зомбылық жасауға ықпал ететін себептер мен салдарды зерттеу жөніндегі әлеуметтік зерттеу жүргізу жоспарланған.
13 қыркүйек – Қазақстандық отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Шахтинск аймағы бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.
5 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында «Адамның даналығы отбасынан», «Отбасының келісімі – елдің күш - қуаты» атты сынып сағаттары, «Ата-ананың ошағы – бәріне бастау» атты ата-аналар жиналысы және Шахтинск қаласы ІІБ зорлық – зомбылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі топ инспекторының қатысуымен «Отбасында зорлыққа жол жоқ» атты профилактикалық сұхбаттар өткізілді.
Білім бөлімі отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер көрсетуді ұйымдастырды, қалалық орталық кітапханада және оның филиалдарында «Біздің отбасымызда барлығы кітап оқиды» атты тақырыптық сөрелер рәсімделген.
Аймақ мектептерінде апта ішінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларына және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларына материалдық көмек көрсету жөнінде «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акция өткізілді. Акциямен осы санаттағы 80 оқушы қамтылды.
Шахтинск технологиялық колледжінде қоңырау арасында колледж фойесінде «Менің отбасым», «Ана туралы» әлеуметтік бейне роликтер көрсету ұйымдастырылды, ал Шахтинск тау-кен индустриалдық колледжі студенттерінің арасында «Отбасы құндылықтары» атты тақырыпта әлеуметтік сауалнама және «Менің үйім - берік қамалым» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аймақ мектептерінде «Балаларын бірінші сыныпқа апаратын ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» атты жыл сайынғы біріңғай Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 12 қыркүйекте қала әкімі «Снегурочка» бала бақшасына барды. Бала бақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері ата – аналармен бірлесіп, флэш – моб және экстримтимбилдинг элементтерімен ойын бағдарламаларын өткізе отырып, «Берік отбасы- мықты ел» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.
Отбасы күнін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес қала әкімі Новодолинский кентіндегі көп жыл бойы бірге отасқан отбасын құттықтау және оларға сыйлық табыстау үшін Новодолинский кентіне барды.
Қала емханасында және оның кенттердегі бөлімшелерінде дәрігер мамандардың қатысуымен ашық есіктер күні ұйымдастырылды, отбасын жоспарлау және босануға дайындау мектебінде жас аналарға кеңестер берілді.
Шахтинск қаласының Мәдениет сарайындағы мерекелік іс-шаралар «Мен және менің отбасым» атты отбасылық ойын –сауық бағдарламасымен басталды және «Аналардың алдында бас иіп, әкелерге тағзым ет» байқауының лауреаттары мен дипломаттарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Шахтинск аймағының кенттерінде де бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Мәселен, 3 ұрпақтың әулетін шақыра отырып, Шахан кентінің МҮ «Отбасы – береке бастауы!» атты іс-шара, ал 11 қыркүйекте Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ «Біз бір отбасымыз» атты спорттық мерекелік ойын - сауық бағдарламасы өтті. Новодолинский кентінде «Берік отбасы»- мықты елд атты концерттік бағдарлама және кенттің негізін қалаушы, көп жыл бірге отасқан отбасыларды құттықтау шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар мереке нышандарын барлық жерге орналастыра отырып өткізілді. Қаланың орталық көшесінде көлемі 3х6 метр «Үлкен ел – үлкен отбасы»билборды орналастырылған. Қаланың супермаркеттерінде және өзге де ірі дүкендерде әр түрлі азық-түлік және азық – түлік емес тауарларға акциялар және 10-нан 25%-ға дейін жеңілдіктер жасау шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде толық, мықты және көп балалы отбасын мәртебесін және маңыздылығын арттыру мақсатында 18 қыркүйекте «Шахтинск ханымы» байқауы өтті. Байқауға 5 көркем әйел қатысты. Кокорина Марина – БЖО ұстазы, Бейсембаева Асем – КМС қазақ орталығының басшысы, Битина Алма – экономика және қаржы бөлімінің маманы, Увалиева Айнур - №14 мектеп ұстазы және Саимканова Дарья – черлидингтен тренер. Ханымы шығармашылық, зияткерлік және аспаздық шеберлік бойынша жарысты. Осындай тартыс нәтижесінде ханшайымның тәжін Бейсембаева Асем иеленді, екінші орынды Кокорина Марина, үшінші орынды Саимканова Дарья алды. Байқауға қатысушылардың барлығына сыйлық пен грамота берілді. Іс-шараны 5 арна журналистері мен Шахтинский вестник газетінің тілшілері жариялады.
12 қарашада Шахтинск қаласының КМС «Асыл әже» байқауы өтті, онда Шахтинск қаласының белсенді әжелері өнер көрсетті. Олар бала мен немере тәрбиесіндегі тапқырлық, білгірлік жағынан жарысты, байқауға қатысушылардың шығармашылық нөмірі есте қаларлық және жаңашыл болды.
Байқаудың соңғы кезеңінде «Шебер әжелер» ас дайындау шеберлігімен жарысты, онда ұлттық тақырыпта өздері қолдан жасаған бұйымдарды, тоқылған кілемшелер, саз балшықтан жасалған құмыралар көрсетті.
Байқау қортындысы бойынша Абдикаримова Сабиля Жакашевна «Шебер» номинациясында, Донских Елена Владимировна «Ең креативті әже» номинациясында, Тілегенова Рысбала Омаровна «Ең үздік әже» номинациясында жеңімпаз атанды, Нурасылова Бахытгуль Рамазановна ең «Ең мейірімді әже» номинациясын, ал Абильдина Кумыс «Ең шығармашыл әже» номинациясын жеңіп алды. Байқауға қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар, гүл шоқтары және грамоталар табыс етілді. Іс –шара туралы Шахтинский вестник газетінің корреспонденттері жариялады.
Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылыққа жол бермеуге, балалық пен аналықты қорғауға, отбасының рөлін нығайтуға бағытталған іс-шаралармен халықтың барлық санатын таныстыру мақсатында 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «Бақытты отбасы- бақытты мемлекет!» атты ұранмен «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіліп жатыр. Аталмыш акция Шахтинск аймағының мүдделі мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілуде. Акция барысында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының «ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы» және «Тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын – алу туралы» Заңдарын түсіндіру жөніндегі 15 профилактикалық іс-шара өткізілді. Шахтинск технологиялық колледжінде «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігі волонтерлерінің қатысуымен «Заманауи қоғамдағы тұрмыстық зорлық – зомбылық проблемалары» тақырыбында флеш – моб өтті. Азаматтарды құлақтандыру мақсатында қоғамдық жерлерде осы тақырыпта 300 дана буклет және 40 дана плакат таратылды. «Шахтинский вестник» газетінде 2015 жылғы 27 қарашада «Акция стартовала» атты мақала жарияланған.
Бүгінгі таңда Шахтинск аймағында кәсіпкерлікті, оның ішінде кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін қажетті толыққанды инфроқұрылым жасалған, ол «Шахтинск аймағының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Сараптама кеңесі және Шахтинск аймағының шағын және орта бизнесін дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия тұлғасында көрсетілген. Құрамында 36 кәсіпкер әйел бар «АПШР» ҚБ бақылау органдарды және мемлекеттік мекемелерді тарта отырып кеңес беру, заң қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы құрылған және жұмыс істейді.
Ағымдағы жылда кәсіпкерлік қызметті қолдауға қалалық бюджеттен 2,0 млн теңге бөлінді. Осы бағдарлама шеңберінде жеке бизнесті ашу мәселесі бойынша бизнесін енді бастаған кәсіпкерлер мен тәжірибелі кәсіпкерлер үшін семинарлар өткізу, сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асырудың қадамдық әрекеттерін көрсете отырып, методикалық әдістемелер әзірлеу жоспарланған.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өзіндік жұмыспен қамтылған жұмыссыздың және аз қамтылған тұрғындардың кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ету тетігі бойынша ағымдағы жылда кәсіпкерлік әліппесіне үйретуге 52,8 млн тенге қарастырылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында жеке бизнесті ашу және кәсіпкерлік қызметті тиімді жүргізу мәселесі бойынша бизнесін енді бастаған кәсіпкерлер мен тәжірибелі кәсіпкерлер үшін 2 семинар өткізілді. Семинарға 36 адам қатысты, оның ішінде 26-ы әйел.
Жоспарланған семинарлардан бөлек Кәсіпкерлікті қолдау орталығы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілімен кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау мемлекеттік бағдарламалары бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру көмегін көрсету жөніндегі жұмыстарды атқарады. Жыл басынан бастап 95 адамға кеңес берілген.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу» екінші бағытын іске асыру барысында 2015 жылы өзіндік ісін ашуға және оны кеңейтуге арналған шағын несиелер беруге 12,0 млн. тенге бөлінген.
Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік грант беру» тегігі бойынша барлығы 16 тапсырыс берілді, оның ішінде 7 –і әйел кәсіпкер.
Осылайша, әлеуметтік –бағытталған кәсіпкерлікті гендердік аспектілерді ескере отырып дамыту жөніндегі жұмыс үнемі жүргізілетіндігін атап өту қажет.
Комиссия жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес, «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын» Шахтинск аймағы бойынша іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатымен жалғастырылатын болады.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 11.03.2016 11:53

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары