www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2018 жылғы қызметі туралы есебі

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша
2018 жылғы қызметі туралы есеп


1.    Жалпы ереже
Мемлекет басшысы мемлекетті басқару органдарының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде халыққа бағыттау болып табылады.
Осыған байланысты Шахтинск қаласының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 97 қызмет түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің талдауы 2018 жылы Шахтинск қаласында 23 149 мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін көрсетті. Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артты және  көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 28% пайызын құрады. Мемлекеттік корпорация арқылы 6 175 қызмет көрсетілген, ол 2017 жылдың сәйкес көрсеткішінен 7,5%-ға жоғары. Қағаз нысанда 10 546 қызмет көрсетілген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеген.  
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:
білім беру саласында - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (1708 қызмет көрсетілген) және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (1239 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметтері;
халықты әлеуметтік қорғау саласында – «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» «Тұрғын үй көмегін  тағайындау» мемлекеттік қызметтері (178 қызмет көрсетілген);
халықты жұмыспен қамту саласында - «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1419 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласында - «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» (79 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
ветеринария саласында – «Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (3399 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
    сәулет және қала құрылысы қызметі саласында - «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» (771 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
    жер қатынастары саласында  – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (306 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
    тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында – «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» (521 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
дене шынықтыру және спорт саласында – «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» (97 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;
азаматтық хал актілерін тіркеу саласында – «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» (2141қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі.
2.    Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс
    Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.
    Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтреді көрсетететін Шахтинск қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық стендтер бар, ресми сайттарда барлық қажетті ақпарат жарияланған, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі.
    Жыл басынан бастап мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 106 түсіндіру іс-шарасын өткізді, 12 мың адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу тәртібін, қызмет алушылардың құқықтары мен шағымдану тәртібін түсіндіретін 23 мыңнан астам брошюра мен буклет таратқан. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі біліктілікті арттыру курстарында 5 мемлекеттік қызметші  білім және сертификат алды.
    Қызмет көрсетушінің азаматтармен тікелей байланыс жасауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ, электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру шаралары қабылданып жатыр.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен аймақта мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды жария ету үшін орталық көшелерде 8 ақпараттық баннер орналастыру жұмысы жүргізілген.   Кент әкімдері аппараттарының ғимараттарында жалпыға қолжетімді орындарда қызмет алушылар үшін «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. 2018 жылы кенттердің 104 тұрғыны қызметтердің электрондық нысанда алу мүмкіндігін қолданды. Сондай-ақ, қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» Жұмыспен қамту орталығында орналастырылған. 13 ұйымда мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алуды насихаттайтын бейнероликтер үнемі көрсетіледі. Бұдан бөлек, жоғары сынып оқушылары үшін сынып сағаттарында, сондай-ақ, қала әкімдігінің, білім бөлімінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми интернет – ресурстарында бейнеролик көрсету ұйымдастырылған.
    Жергілікті атқарушы органдар электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуға ерекше көңіл бөледі. 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен  әртүрлі санаттағы 4 305 адам «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Базалық цифрлық машықтар», «Ашық үкімет» және «Электрондық сауда» бағдарламалары бойынша білім және сертификат алды.
2018 жыл ағымында бекітілген кестеге сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қалалық №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп  мемлекеттік органдардың қызметкерлерін «Электрондық үкімет» веб-порталында, сондай-ақ, оның мобильдік қосымшасында жұмыс істеу машығына үйрету сабақтары жүргізілді, жергілікті атқарушы органдардың 128 қызметкері біліммен қамтылды. Оындай жұмыс 2019  жылы да жалғасады.
    Бұл жұмыс оқу жылының соңына дейін жалғасады, оқушыларды қамту 270 адамды құрайды. Бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту бойынша да осындай жұмыс жүргізіліп жатыр.
    2018 жыл ағымында мемлекеттік қызметтерді көрсетететін мемлекеттік ұйымдарда ай сайын «Ашық есіктер күні» өткізілді, 475 қызмет алушы консультация алуға жүгінді.
    2018 жылғы 21 маусымда, 17 қазанда және 27 желтоқсанда «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізу шеңберінде қала мен жапсарлас кенттердің 752 тұрғыны консультация алды.  
    «Ашық есіктер күні» мен жәрмеңкелерді өткізу тәжірибесі 2019 жылы да үнемі жүргізіледі.
    Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі – мемлекеттік басты басымдылығы. Сондықтан қызмет көрсетушінің міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет алу барысында мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар үшін барлық жағдайлар жасау.
    Қазіргі кезде мемлекеттік қызметті көрсететін барлық мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары шақыру тетігімен жабдықталған. Сонымен қатар, Брайльдің рельеф-нүктелік қарпімен жазылған ақпараттық кестелерді, тактильді плиткаларды орнату сондай-ақ, пандустарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
    Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы мәселесі ерекше бақылауда тұр, соған байланысты ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалық деңгейде көрсету арқылы арқылы халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жұмыс өз жалғасын табады.

3.    Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет
2018 жылғы 5 қаңтардан бастап білім беру ұйымдарында  тәжірибелі пайдалануға «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына электрондық кезек» жобасы іске қосылған. Аталмыш жоба «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі мен «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін оңтайландыру жолымен құрылған. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жас) кезекке қою және мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру үдерісі «Білім беру ұйымдарының қызметін автоматизациялау» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Біріңғай электрондық кезек қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысын жояды, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысының ашықтығын және мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау  
Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жыл басынан бастап 17 бақылау іс-шарасы өткізілді, бақылау іс-шараларын өткізу барысында әртүрлі сипаттағы 255 заң бұзушылық анықталды. Іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған 22 ұсыным әзірленді және орындалды, тәртіптік жазаға 5 қызметші тартылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында бақылау іс-шараларын жүргізу барысында сарапшы ретінде «Нұр Отан», Кәсіпкерлер палатасының және Мемлекеттік корпорацияның өкілдері тартылды.
Есеп беру кезінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімі 72 рет бұзылғандығы анықталды. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі бөлігін бұзғаны үшін  лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.
5. Бұдан әрі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына  қанағаттануын арттыру  перспективасы  
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен бұдан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады.
Проактивті мемлекетке көшу шеңберінде басты жұмыс тұрғындардың өз бетінше электрондық нысанда қызметтерді алу сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

















Размещение информации: 28.01.2019 09:02

Последнее изменение информации: 12.02.2019 10:06

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 44%, қысым 726, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары