www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есебі

«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есебі 

«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледіі: 
1) Атын, әкесінің атын, тегін ауытыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
2) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
3) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
4) Неке қиюды (ерлі – зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
5) Некені (ерлі - зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
6) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
7) Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
8) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
9) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
10) Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
11) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
12) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
13) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
14) Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
15) Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
16) Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру.
Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер ақысыз, қағаз түрінде көрсетіледі.
2015 жылы «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша 14 қызмет;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша                            11 қызмет;
- Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру бойынша 51 қызмет.
«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сонымен қатар өтініштер үлгілері екі тілде орналастырылған. Тоқсан сайын «Шахтинский вестник» газетінде мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланады. Кент тұрғындарымен өтетін жиындарда және кездесулерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, буклеттер таратылады. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін әкім аппаратының ғимаратының кіре берісінде нормативтерге сәйкес пандус орнатылған. 
Жалпыға бірдей құқықтық оқу аясында «Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету және оның мерзімдері бойынша  түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Есеп беру кезеңінде Долинка кенті әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрғындардан шағым түскен жоқ.
Ай сайын, әр айдың 1-не қарай Шахтинск қаласының әлеуметтік сала мониторингі және мемлекеттік қызметтер көрсету бөліміне стастикалық есеп және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу жөнінде айлық есеп ұсынылады.
Кестеге сәйкес, ай сайын  Шахтинск қаласының әлеуметтік сала мониторингі және мемлекеттік қызметтер көрсету  бөлімі Долинка кенті әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үрдісінің сапасына ішкі бақылау жүргізеді.
Долинка кенті әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі мен оның сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру жұмыстары жалғастырылуда.  Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын меңгеру жөніндегі семинарлар үнемі өткізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  Кент тұрғындарымен өткізілетін  жиындарда және кездесулерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, буклеттер таратылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 03.03.2016 12:38

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 13°C , ылғал 52%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары