www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есебі

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 92 түрін көрсетеді, оның ішінде:
- «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 19 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 4 қызмет);
- «Шахтинск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ – 4 қызмет;
-  «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәлет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 11 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 2 қызмет);
- «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ- 23 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 1 қызмет);
- «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - 1 мемлекеттік қызмет;
- «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы  бөлімі» ММ – 19 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 1 қызмет);
-  «Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ  - 6 қызмет;
-  Қала әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАТ) – 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 8 қызмет).
2015 жылы атқарушы органдармен 19090 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 16% -ға өскен.
Жыл бойы мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ететін қызметтерді уақытында және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді ХҚКО және «электрондық үкімет» веб порталы арқылы баламалы түрде көрсетуге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Электрондық үкімет» бастамасы мен электрондық цифрлық қолтаңбаны жаппай таратуды жария етуге көп көңіл бөлінді. Егер 2014 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 1239 қызмет көрсетілсе, 2015 жылы электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1702 қызметті құрады. Қызмет алу үдерісін жеңілдету мақсатында Шахтинск қаласы мен Шахан кентінің ХҚКО «Connection Point» өзіне – өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда әр клиент өзі жеке немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен электрондық қызмет ала алады.
ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтер саны қарқынды өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе өскен және 5021 қызметті құраған.  Сонымен қатар, тікелей мемлекеттік  органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 8%-ға азайған, яғни 13493 тен 12367 –ге дейін түскен.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:
білім беру саласында - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (1515 қызмет көрсетілген)» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (1186 қызмет көрсетілген);
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында - «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (1342 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1199 қызмет көрсетілген), «Тұрғын үй көмегін  тағайындау» (293 қызмет көрсетілген);
ауылшаруашылығы саласында - «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» (151қызмет көрсетілген);
ветеринария саласында – «Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (3615 қызмет көрсетілген);
сәулет және қала құрылысы қызметі саласында - «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» (568 қызмет көрсетілген);
жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (518 қызмет көрсетілген);
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында – «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» (268 қызмет көрсетілген).
азаматтық хал актілерін тіркеу саласында – «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» (1839 қызмет көрсетілген).
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Шахтинск аймағының  жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне, паспортына, шағымдану тәртібіне және өтініш бланкісіне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету, БАҚ жариялау қызметі туралы есебі және «Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы» баннері орналастырылған.
Жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсынысыстарын ескеру үшін интернет – ресурстың бұл тарауында «мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын талқылау» тарауына сілтеме жасалған.
«Мемлекеттік қызметтер» тарауындағы ақпараттарды өзгерту жөніндегі жұмыс үнемі жүргізіледі.
Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін интернет – ресурстың бас парақшасында «электрондық үкіметтің» веб – порталының баннері орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Шахтинск аймағы бойынша электрондық үкімет бастамасын жария ету, оның ішінде қызмет алушыларды электрондық мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру және жеке және заңды тқұлғалар арасында ЭЦҚ жаппай таратуды қамтамасыз ету жөніндегі медиа – жоспарға сәйкес  2015 жылы мемлекеттік органдарда, ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету бойынша, сондай-ақ, е. gov. kz  порталы арқылы әр түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы «Шахтинский вестник» газетінде 54 материал және «Индустриальная Караганда» газетінде 1 мақала жарияланған.
Мемлекеттік органдар қызмет көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің негізгі қағидаларын түсіндіру мәселесі бойынша  43 семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» өткізді.
«Ақпаратты Қазақстан - 2020» бағдарламасына сәйкес электрондық қызметтерді еркін алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған компьютерлік сыныптарда тұрғындар компьютерлік сауатылыққа оқытылды. Осылайша, 2015 жылы 450 адам тегін оқытылды және оларға сертификат берілді.
Қызмет көрсету саласындағы 2015 жылғы қызмет туралы есепті талқылауға азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі Шахтинск қаласының, Шахан, Долинка, Новодолинский кенті әкімдерінің жыл сайынғы есеп беру кездесулерінің күн тәртібіне енгізілген. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептердің жария тыңдалымдары қорытындысы бойынша тиісті қорытындылар жасалған, олар қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсындағы «Әкімнің халық алдындағы есебі» және «Кенттер – кент әкімдерінің есеп берулері» атты тарауларда орналастырылған.
2015 жылы рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензиялау» ММД АЖ енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Осылайша, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметін «Е-рұқсат беру» модулі арқылы көрсетуге көшіру жүзеге асырылған. Көрсетілген 518 қызметтің 374 немесе 72% осы ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген. Сонымен қатар, тұрғын үй – коммуналдық және ауылшаруашылығы, тілдерді дамыту, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы рұқсат беру рәсімдерін автоматизациялау жұмыстары аяқталған.
Қала әкімі аппаратында Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі модулі (бұдан әрі - ЭҮАШ) және ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) арқылы көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылуы жөніндегі күнделікті мониторинг жүргізледі. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ЭҮАШ және ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығы» КМҚК базасында 2015 жылдың 14 қыркүйегінен 25 қыркүйегіне дйінгі аралығында 2 мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызметтерді стандартизациялау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының бірі іспеттес» атты тақырыпта білім алды. 2016 жылға арналған біліктілікті арттыру кестесіне сәйкес 2 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесіне қатысты тақырыпта білім алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу деректеріне жол бермеу мақсатында Шахтинск қаласының әкімі 2015 жылғы 22 мамырда Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар 2015 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және оны бекітті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмысы үнемі жүргізіледі. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №17/4 «Ішкі бақылау туралы» қаулысына сәйкес  Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне ішкі бақылау жасау кестесі бекітілген. 2015 жылы ішкі бақылау жүргізу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған 11 ұсыныс берілген және олар орындауға қабылданған.
Талдау кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өтініштер түскен жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу бойынша 2 жағдай тіркелген. Мемлекеттік қызметтерді стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы мәселе кеңейтілген аппараттық кеңестерде  мемлекеттік қызметтерді көрсетуші әр бөлім және кент әкімі аппараттары бойынша жеке қаралады. «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар жүргізу туралы» мәселе 2015 жылғы 26 қарашада қала әкімдігінің отырысында қаралды (Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №45/1 қаулысы). Бұл мәселені қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын кент әкімдері мен бөлім басшыларына қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы төменде көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар жалғасады:
- бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсында мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы, ХҚКО және мемлекеттік органдар арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
- мемлекеттік қызметтерді көрсететін кадрлардың және халықпен тікелей жұмыс істейтін тұлғалардың біліктілігін арттыру;
- оңтайландыруға және автоматизациялауға жататын мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін ХҚКО арқылы баламалы түрде және электрондық нысанда көрсетуге көшіру.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 02.03.2016 11:12

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары