www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2014 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2014 жылғы қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы жағдай

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 58 түрін көрсетеді, оның ішінде:

  • «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ – 18 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 4 қызмет);

  • «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 4 қызмет;
  • «Шахтинск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 қызмет;
- «Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 4
қызмет;

  • «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт

бөлімі» - 18 қызмет;

  • «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» - 3

қызмет;

  • «Шахтинск қаласының ауылшаруашылық және ветеринария

бөлімі» ММ  - 9 мемлекеттік қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппаратарымен – 3 қызмет) көрсетіледі.
«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта жергілікті атқарушы органдардың 12 қызметін көрсететін 2 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 6 қызмет баламасыз негізде, тек ХҚКО арқылы ғана көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін ХҚКО «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзі немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен ала алады.
2014 жылы атқарушы органдармен 16454 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  
13493 (82%) мемлекеттік қызмет қағаз түрде мемлекеттік органдармен көрсетілген, 1722 (10,5%) мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген, «электрондық үкімет» порталы арқылы 1239 (7,5%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 13283 (80,7%) қызмет, ақылы негізде – 3171 (19,3 %) қызмет көрсетілді.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:
білім беру саласында - «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» (1487 қызмет көрсетілген)» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (1307 қызмет көрсетілген);
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында - «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (2022 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1998 қызмет көрсетілген), «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (344 қызмет көрсетілген);
ауылшаруашылығы саласында - «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» (3059 қызмет көрсетілген);
сәулет және қала құрылысы қызметі саласында - «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» (754 қызмет көрсетілген);
жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (520 қызмет көрсетілген);
кәсіпкерлік қызметі саласында – «Моноқалалардың дамуының 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» (9 қызмет көрсетілген);
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында – «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» (312 қызмет көрсетілген).

2. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Шахтинск аймағының  жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі және «Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы», «Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобасын талқылау» баннерлері орналастырылған. Қолданушылардың  ыңғайлы болу үшін интернет – ресурстың бас парақшасында «электрондық үкіметтің» веб – порталының баннері орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты орналастыру барысында паспортты орналастыру  және шағымдану тәртібі жөніндегі ұсыныстар ескерілген, мемлекеттік қызметті алуға мемлекеттік органға жүгіну барысында халыққа берілетін өтініштердің бланкілерін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
Тиісті бөлімдегі ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс үнемі жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.
Қызметті алу жағдайының ыңғайлылығын жақсарту үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жайларға түгендеу (паспорттау) жөніндегі жұмыстар жүргізілген. Қазақстан Республикасының стандарттарына, құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестікке 13 объект паспортталған (Шахтинск қаласы әкімінің аппараты, 3 кент әкімі аппараты, 7 дербес бөлімдер, ХҚКО РМК филиалының Шахтинск қалалық №1 бөлімі мен Шахан кентінің №2 бөлімі).
Қазіргі кезде, жүргізілген паспортизация негізінде мүгедектер мен халықтың аз қимылды тобына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ғимараттар мен жайларды сәйкестікке келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Атқарушы органдардың басшылары мен мамандары «ХҚКО» РМК Шахтинск қалалық №1 бөлімінің және Шахан кентінің №2 бөлімінің инспекторларымен бірлесіп ХҚКО ЫАЖ және ҮЭП жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту жөнінде түсіндіру жұмыстарын  үнемі жүргізеді.  2014 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін түсіндіру жөнінде 8 дөңгелек үстел өткізілді. 
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің негізгі талаптарын түсіндру бойынша атқарушы органдарда 12 семинар – кеңес өткізілді.
Шахтинск аймағы бойынша электрондық үкімет бастамасын жария ету, оның ішінде тұтынушыларды электрондық мемлекеттік қызметтер туралы және жеке және заңды тұлғалардың арасында ЭЦҚ жаппай тарату туралы ақпараттандыру жөніндегі медиа – жоспарға сәйкес 2014 жылы «Шахтинский вестник» газетінде мемлекеттік органдарда, ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы 43  материал жарияланған.
Қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті талқылауға азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі Шахтинск қаласының, Шахан, Долинка, Новодолинский кенті әкімдерінің жыл сайынғы есеп беру кездесулеріне енгізілген. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептердің жария тыңдалымдары қорытындысы бойынша тиісті қорытындылар жасалған, олар қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсындағы «Әкімнің халық алдындағы есебі» және «Кенттер – кент әкімдерінің есептері» атты тарауларда орналастырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Бірінші кезекте назар мемлекеттік қызмет үдерісін автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына аударылады. 6 мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетуге көшірілген, мәселен 2013 жылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілетін («Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»). 2014 жыл қорытындысы бойынша 1239 электрондық қызмет көрсетілген, ол 2013 жылмен салыстырғанда 300 қызметке артық.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштер уақытында өңделген. Қала әкімі аппаратында Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі модулі (бұдан әрі - ЭҮАШ) және ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) арқылы көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылуы жөніндегі күнделікті мониторинг жүргізледі. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ЭҮАШ және ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығы» КМҚК базасында 2014 жылдың 13 қазанынан 10 қарашасы аралығында мемлекеттік қызметтерді көрсететін 12 мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызметтерді көрсету және олардың сапасын басқару» тақырыбында қашықтықта білім алу әдісімен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары бағдарламасын меңгерді.  «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 2014 жылғы 24 қарашадан 21 желтоқсан аралығында «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын басқару» тақырыбында қашықтықтан білім алу курсынан өтті. 2015 жылға арналған біліктілікті арттыру кестесіне сәйкес 2 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесіне қатысты тақырыпта білім алады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу деректеріне жол бермеу мақсатында Шахтинск қаласының әкімі 2014 жылғы 2 маусымда Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар 2014 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және оны бекітті.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №17/4 «Ішкі бақылау туралы» қаулысы қабылданған,  Шахтинск қаласының атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне ішкі бақылау жүргізу кестесі бекітілген.
2014 жылы мемлекеттік органдармен, ХҚКО арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
Талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғадан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметті алу туралы 2 өтініш келіп түсті, өтініштер белігенген мерзімде қаралды (қосымша).
Мемлекеттік қызметтердің стандартары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар жүргізу туралы» мәселесі 2014 жылғы 26 қыркүйекте қала әкімдігінің отырысында қаралды (Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №30/2 қаулысы). Бұл мәселені қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын кент әкімдері мен бөлім басшыларына қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.

5. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсету

сапасымен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-рұқсат» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2015 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.


Шахтинск қаласының
жергілікті атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі
2014 жылғы қызметі туралы есепке қосымша

 

Мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және шешім қабылдаған орган

Қаралған күн

Шағымды қарастыру қорытындысы жөніндегі  құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

1. К.А. Радиоздың «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметтерді алу туралы өтініші

Жәрдемақылардың тағайындалмауына байланысты

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

2014 жылғы
30 қыркүйек  

Тәртіптік комиссия отырысының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №1 хаттамасы
Қала әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі ұсынысы
Өтініш берушіге берілген 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №Фл-Р-12 жауап.

Долинка кенті әкімінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №38-і «А.А. Рахметжанға тәртіптік жаза қолдану туралы» өкімі   

-

2.Т.В. Ильинаның «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті алу туралы өтініші

Жәрдемақының тағайындалмауына байланысты

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

2014 жылғы
30 қыркүйек  

Тәртіптік комиссия отырысының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №1 хаттамасы
Қала әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі ұсынысы
Өтініш берушіге берілген 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №Фл-И-13 жауап.

Долинка кенті әкімінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №38-і «А.А. Рахметжанға тәртіптік жаза қолдану туралы» өкімі  

-

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 01.04.2015 16:09

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 44%, қысым 718, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.04
Euro 427.77
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары