www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2013 жылы мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп

1. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) 647 қызмет көрсетіледі, оның ішінде мемлекеттік қызметтің 61 түрі Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі.
- «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 17 қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппараттарымен – 3 қызмет);
- «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 5 қызмет;
- «Шахтинск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 қызмет;
- «Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 4 қызмет;
- «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» - 15 қызмет;
- «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» - 8 қызмет;
- «Шахтинск қаласының ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ - 11 мемлекеттік қызмет (оның ішінде Шахан, Новодолинский, Долинка кенті әкімі аппаратарымен – 4 қызмет).
«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта жергілікті атқарушы органдардың 31 қызметін көрсететін 2 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 5 қызмет баламасыз негізде, тек ХҚКО арқылы ғана көрсетіледі.
2013 жылы атқарушы органдармен 16469 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
13829 (84%) мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдар, 2640 (16%) мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдар көрсетті.
Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 13198 (80,1%) қызмет, ақылы негізде – 3271 (19,9 %) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсетуге 12665 жеке және заңды тұлғалар өтінген.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер - «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (1299 қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (2143 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (2216 қызмет көрсетілген), «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» (1471 қфзмет көрсетілген)», «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» (2053 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.
Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Шахтинск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі және «Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы», «Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобасын талқылау» баннерлері орналастырылған.
Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
Жыл ағымында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзу деректерін алдын – алу бойынша шаралар қабылданды.
2012-2013 жылдарға арналған тақырыптық жоспарға сәйкес құқықтық жалпы оқу өткізу шеңберінде 2013 жылғы 24 мамырда атқарушы орган қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерін, ХҚКО ЫАЖ жүйесі мен Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі (ЭҮАШ) арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
2013 жылғы 17 шілдеде және 2013 жылғы 19 желтоқсанда Шахтинск қаласы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын бөлім басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.
«Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жалпы білім беру мектептерінің, балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың, Шахтинск аймағының қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің жобаларын меңгеру мәселесі бойынша 6 семинар – кеңес өткізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде қарау мерзімін бұзуға, бас тартуға, қайтарып беруге және тоқтатып қоюға жол бермеу мақсатында 2013 жылғы 10 маусымда Шахтинск қаласы әкімдігі мен ХҚКО РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Шахтинск қаласындағы №1 бөлімінің арасында, 2013 жылғы 27 маусымда Шахан кенті әкімдігі мен ХҚКО РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Шахтинск қаласындағы №2 бөлімі арасында өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы меморнадум жасалды.
Шахтинск қаласы мен Шахан кентінің халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары және мемлекеттік мекемелердің қызметшілері бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша 13 дөңгелек үстел өткізді.
Мемлекеттік орган қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Шахтинский вестник» газеті) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 9 рет баяндама жасады.
Жалпы, бекітілген медиа-жоспарға сәйкес «Шахтинский вестник» газетінде мемлекеттік органда, ХҚКО арқылы, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету туралы 42 материал жарияланған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Бірінші кезекте назар мемлекеттік қызмет үдерісін автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына аударылады.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін электрондық нысанда көрсетуге ауысырылған. Осылайша, 2013 жылы 1268 қызмет немесе осы қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтің жалпы санының 97,6% «электрондық үкімет» және ХҚКО арқылы көрсетілген.
Мемлекеттік қызметке халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тамыз айынан бастап қараша айына дейін №5 гимназияда әр түрлі санаттағы 600 тыңдаушыға «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша тегін семинарлар ұйымдастырылды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыс ай сайын жүргізіледі.
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдесіндегі №17/4 «Ішкі бақылау туралы» қаулысы қабылданды, Шахтинск қаласының атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне ішкі бақылау жүргізу кестесі бекітілген.
Талдау жасалған кезеңде жеке тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2 шағым келіп түсті, олар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде қаралған (қосымша).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдердің мемлекеттік органдармен бұзылу деректеріне жол берілмеген (2012 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу арқылы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілген).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу деректеріне жол бермеу мақсатында Шахтинск қаласының әкімі 2013 жылғы 30 сәуірде Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағытындағы көрсеткіштерді жақсартуы жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет сапасы мен оның уақытында көрсетілуіне бақылау жасау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған. Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілерінің ұдайы бақылауында.
Облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытындағы қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі қорытындыға сәйкес 2012 жылы қала 45,81 балл (2011ж. – 40,71 балл) алды. Бұл көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі және ол тұрақты бақылауда.
Қазақстан Республикасы Президенті алға қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде 2014 жылы Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметті автоматизациялау және оңалту, мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қызметтерді электрондық нысанға ауыстыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.
Осылайша, мемлекеттік орган қызметкерлері мен қызмет алушылардың қарым – қатынасын шектеуді қамтамасыз ететін қызметтерді уақытында және сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген 8 мемлекеттік қызметті баламалы түрде ХҚКО арқылы көрсету үдерісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады:
-«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;
- «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
- «Білімі туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
- «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»;
- «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру».
Ішкі бақылау мен семинарлар өткізу барысында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін меңгеру жөніндегі жұмыстар, сонымен қатар, ХҚКО қызметіне жаңа мемлекеттік қызметтер түрлерін енгізу барысындағы бірлескен жұмыстар жалғасын табады.
Рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2 рұқсат құжатын беру жөніндегі қызметті көрсететін «Е-рұқсат» ЕЛ ММБ АЖ тәжірибелі қолданысқа енгізу жөніндегі жұмыстар толық көлемде аяқталатын болады.
Жалпы, 2014 жыл ағымында жұмыстар қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанушылығын арттыруға бағыталатын болады.

2013 жылы мемлекеттік қызметті
ұсыну бойынша Шахтинск қаласының
 жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есебіне
қосымша

 

Мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және шешім қабылдаған орган

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

1. В.В. Мухин және Н.Е.Мухина отбасылары

  •  
  • 2. А.В. Терещенко

Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек – балаларға арналған МӘМ мүгедек – баланы ресімдеу үшін  «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебіне байланысты 2013 жылғы 18 маусымда шағым түсті.

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

2013 жылғы
20 маусым  

1. 2013ж.20.06 № ФЛ-М-2400,1

2. 2013ж.20.06 № ФЛ-Т-2401,1
МӘМ жіберу туралы жолдама 2013 жылғы 20 маусымда берілді

 

Әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасын сақтамау деректеріне жол бермеуі туралы жазбаша ескертілді

 

 

-

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары