www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылға қызметінің есебі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысымен енгізілген өзгертулермен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, бөлім 23 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру -0;

-

- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту -131;

 

- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту -237;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -24;

- Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру -3;

- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкiлiктi шешiм беру -0;

- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру -28;

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру -237;

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну -74;

- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру -1;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-148;

- Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау -0;

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу-37;

- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру -0;

- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру -0;

- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау -2;

- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру -0;

- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату -0;

- Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату -4;

- Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу -100;

- Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу -208;

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою -1;

- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру -1.

2019 жылы бөлім 1236 қызмет көрсеткен. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 427 қызмет, «Е - лицензиялау» порталы арқылы – 348 қызмет, мемлекеттік органда (баламасыз) – 326 қызмет, баламалы – 13 көрсетілді.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс – шаралар жоспары дайындалды.

Әр мемлекеттік қызмет түрі бойынша 23 тіркеу журналы қолданылады. Журналдар істер номенклатурасына енгізілді, олар тігілген, мөрленген.

Мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер құру жөніндегі есеп ай сайын жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сондай – ақ өтініштер үлгілері қолжетімді жерде орналасқан.

Мемлекеттік қызметтердің инфографикасы және чек – парақтары қолжетімді жерде орналасқан.

Қызметтерді уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекеттік орган қызметкерлерінің және қызмет алушылардың тікелей байланысын төмендетуді қамтамасыз ету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде көрсетуге ауыстыру мәселесі талқыланды.

Бөлімде халықтың әлжуас топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған персоналды шақыру тетігі орнатылған.

Жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның 2020 жылға арналған жаңа құрамы бекітілді. 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

Бөлім басшысы                                                          Д. Карагонысов

 

 

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:57

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары