www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2019 жылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлығы 2019 жылы 3324 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» – 1219 қызмет, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 116 қызмет. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 қыркүйек 2019 жылғы № 726 бұйрығымен мемлекеттік қызметтердің тізілімінен алынып тасталды).

- «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» – 551 қызмет; (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 қыркүйек 2019 жылғы № 726 бұйрығымен мемлекеттік қызметтердің тізілімінен алынып тасталды).

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» - 1350 қызмет, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 56.

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 200 қызмет.

- «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» - 0 қызмет (толық автоматтандырылған).

         Барынша сұранысқа ие «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету» мемлекеттік қызметі - 1350 және «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу» мемлекеттік қызметі – 1219.

Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді алушы тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2019 жылғы 22 ақпанда «Регистрация лиц, ищущих работу» (№7 Шахтинский вестник) мақаласы жарияланды.

2019 жылғы 9 мамырда «Поддержке – да, иждивенству - нет» (№8 Шахтинский вестник) мақаласы жарияланды.

2019 жылғы 31 мамырда «Государственная адресная социальная помощь» мақаласы жарияланды (№21 Шахтинский вестник).

2019 жылы 14 мамырда «Выдача направлений лицам на участие в активных формах содействия занятости»  мақаласы жарияланды (№20 Шахтинский вестник).

2019 жылы 19 - 20 маусымда (7 маман қатысты) және 2019 жылғы 31 шілдеде (4 маман қатысты) Қарағанды экономикалық университетінде жұмыспен қамту орталығының мамандарын оқыту семинарлары өткізілді.

2019 жылғы 9 және 10 желтоқсанда Жұмыспен қамту орталығының 2 маманы ҚР ЕХӘҚМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылып жатқан "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасы шеңберінде оқыту семинарына қатысты.

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы:

- халықты бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімдігінің ресми интернет - ресурсында "электрондық үкімет" порталы, Мемлекеттік корпорация және мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсететін және халықпен тікелей жұмыс істейтін кадрлардың біліктілігін арттыру;

-Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін баламалы негізде мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ауыстыру жұмыстары жалғасады.

 

 

«Шахтинск қаласының халықты

жұмыспен қамту орталығы» КММ

директоры                                                                                    Г. Сыдыкова

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:55

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:56

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары