www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы қызметтер  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына және мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарына сәйкес  Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметі 10 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде:

- 2 мемлекеттік қызмет баламалыз мемлекеттік орган арқылы ғана көрсетіледі; 
- 8 мемлекеттік қызмет баламалы түрде мемлекеттік орган арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметінде 10 мемлекеттік қызмет бойынша 5700 қызмет көрсетілді, оның ішінде 4379 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы, 1288 мемлекеттік қызмет Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметі арқылы, 33 мемлекеттік қызмет «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
        2019 жылдың  қаңтар-желтоқсан айларында 10 мемлекеттік қызметтің ішінде төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтер аса сұранысқа ие болды:

-«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (1065). Қызмет көрсетуші – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметі, «Электронды үкімет» порталы арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық - қағаз түрінде.

-«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру» (2498).  Қызмет көрсетуші – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, «Электронды үкімет» порталы арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық - қағаз түрінде.

-«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (757). Қызмет ұсынушы«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация филиалдары, Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- электрондық - қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тиімді бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан бастап әр мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алу журналы мемлекеттік тілде жүргізіледі.
        Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметінің есеп беру кезеңінде  мемлекеттік қызметін көрсету сапасына шағымдар түсткен жоқ.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметінің есеп беру кезеңінде  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін сақтау бойынша заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлғалар үшін жыл сайын Шахтинск өңірінің ұйымдарында семинар, кеңестер, дөңгелек үстелдер сияқты  мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей қатысты  қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін арттыру, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін бұзуға жол бермеу мақсатында бұл бағытта үнемі жұмыстар атқарылады. ҚР ІІМ ҚАЖК ӘК 159/6 ұйымында сотталғандардың жеке мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша жеке қабылдау өткізілді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қалалық №1 филиалында мемлекеттік қызмет корсету саласында 7 дөңгелек үстел өткізілді.

2019 жылдың 12 айында 7 «Ашық есіктер күні» өткізілді, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ашық есіктер күнінің» өткізілетіндігі туралы хабарландыруды   «Шахтинский вестник» газетінде, Шахтинск қаласының сайтында жариялады, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қалалық №1 филиалының ғимаратына ілді. «

2019 жылдың 12 айында «Шахтинский вестник» газетінде «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» және «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» тақырыбында мақалалар жарияланды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін Шахтинск қаласы әкімі аппаратының АХАТ қызметінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  стенд ресімделген.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша атқарылған жұмыстар мемлекеттік қызметті сапалы және уақытында көрсетуге бағытталған.

 

 

Шахтинск қаласы

әкімі аппаратының

АХАТ қызметінің

бас маманы                                                                                    А. Айтышова

 

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:53

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:55

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары