www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

 

1.    Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:

• «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметі;

• «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру мемлекеттік қызметі».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз турінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.

Ведомствалық бағыныстағы «Шахтинск қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

2019 жылы 114 спорттық атақ, разряд және біліктілік санаттары берілген және Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау - 213.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  бұйрығымен мемлекеттік қызметтердің  стандарты және Қарағанды обысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы  №45/08 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілген.

2.    Қызмет алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің ақпараттық стендтерінде және Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге  шағымданутәртібі және тағы басқа қажетті ақпараттар орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты жаңарту  бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

2019 жылғы есеп беру кезеңінде Бөлім мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыруды арттыру бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  стандарттары мен регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру бойынша 18  іс-шара өткізді (растау құжаттары бар).

3.    Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін  жетілдіру жөніндегі қызмет:

Бөлімде Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ), МОНИТОРИНГ ЫАЖ модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімінің сақталуына  күн сайын бақылау жасалады.

4.    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау жасау:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында Бөлім жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытындағы  көрсеткіштерді жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі.

2019 жылы Шахтинск қаласы әкімдігі Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша  ішкі бақылау жүргізді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар анықталған  жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік басымдылықтары:

Келешекте қызмет алушылардың қолайлы және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Жалпы, 2020 жылы жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталады.

 

 

       Бөлім басшысы                                                                           А. Жунусов

 

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:51

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:53

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.55
Euro 454.18
Рубль 5.81

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары