www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

          Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарына сай «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ және оған бағынысты ұйымдар 23 мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Оның ішінде:

- электрондық нысанда («электрондық үкімет» порталы, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы) – 16 мемлекеттік қызмет түрі;

- қағаз нысанда – 7 мемлекеттік қызмет түрі, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы – 2 мемлекеттік қызмет түрі, білім бөлімі арқылы – 2 мемлекеттік қызмет түрі, білім беру ұйымдары арқылы – 3 мемлекеттік қызмет түрі.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6530 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет берушілерге қағаз нысанда  165, «Электронды үкімет» веб порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге мүмкіндіктері болған, бірақ қағаз нысанда көрсетілген - 778; мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген -92; электронды нысанда – 238, қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды нысанда көрсетілген -5257.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға және цифрландыруға қызмет көрсететін компаниялармен бірлесіп білім бөлімінің іс-шараларын орындау арқылы қол жеткізілді.

2019 жылы қағаз нысанда  көрсетілетін қосымша 4 мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетуге  көшірілді, осыған байланысты олардың жалпы саны 16 – ға дейін артты (69,5%).

          2019 жылдың 1 маусымынан бастап өңірдің 12 жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік қызметтің үш түрі халыққа Шахтинск қаласы білім бөлімінің school.shahtinsk-edu.gov.kz порталы арқылы «SAKURA: электрондық мектеп» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда ұсынылады:

          1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі;

          2. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі;

          3. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі.

2019 жылдың 9 қыркүйегінен бастап барлық қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету:

4. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» mindal.shahtinsk-edu.gov.kzпорталы арқылы қызмет берушінің «MINDAL: электрондық қосымша білім беру жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 5 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін екі жыл бойы мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үрдісін  білім бөлімінің indigo24.kz порталы арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің процестерін автоматтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда  толық автоматтандыруға бағытталған жоба жүзеге асырылуда.

Мектепке дейінгі білім беру саласында, жалпы орта және қосымша білім беру саласында ақпараттық жобаларды енгізу және іске асыру:

          - ата-ананың және қызмет берушінің байланысын төмендетуге;

          - сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді;

          - өтініштерді электрондық нысанда беру және қарастыру үрдісі ата-аналардан артық құжаттарды талап етуге жол бермейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда e.gov.kz порталы арқылы, school.shahtinsk-edu.gov.kz жүйесі,mindal.shahtinsk-edu.gov.kz жүйесі арқылы алу мақсатында өңірдің 13 білім беру ұйымында (10 мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы) 2019 жылдың 1 қазанынан бастап өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылды және жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді алу шеңберінде қажетті құжаттарды сканерлеуге арналған құрылғысы бар, интернет-ресурстарға қол жеткізе отырып, компьютерлік техникасы бар жұмыс орындары жабдықталған. Сонымен, 2019 жылдың қазан-қараша айларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 384 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау және орындау мақсатында білім бөлімі ай сайын барлық білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне мониторинг жүргізеді. Сонымен,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмысын атқару мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша статистикалық есептерді дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартудың ең басты көрсеткіші мемлекеттік қызметті көрсету мәселесіне  жетекшілік ететін білім бөлімінің қызметкерлерінің ведомствоаралық ұйымдарында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі бақылау (мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын мониторингтеу және бақылау іс-шараларын өткізу) жүргізу болып табылады.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиімді бақылау және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын сақтау бойынша Шахтинск қаласының білім бөлімі жоспарланған бақылау іс-шараларын өткізді. Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында Шахтинск қаласының білім бөлімі жоспарланған 6 бақылау іс-шарасын («Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі» КМҚК, «Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар«Аленка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК,«Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар«Снегурочка» сәбилер-балабақшасы» КМҚК, «Шахтинск қаласы әкімдігінің №5  мектеп-гимназиясы» КММ,  «Шахтинск қаласы әкімдігінің №6  жалпы білім беру мектебі» КММ, «Шахтинск қаласы әкімдігінің №7  жалпы білім беру мектебі» КММ) өткізді. Бақылау іс-шараларын өткізу барысында және
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында басқа мемлекеттік органдардың тәуелсіз сарапшылары тартылады.

          Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет сапасын нәтижелі бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан  бастап  2012 жылғы 5 шілдедегі Қарағанды облысының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту жөніндегі  іс-шаралар жоспарының № 2 қосымшасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтің әр түрі бойынша мемлекеттік қызметті көрсету есебінің журналы мемлекеттік тілде жүргізіледі. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша Шахтинск өңірінің барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметті көрсетуге қағаз нысанда түскен өтініштерді уақытында тіркей отырып, мемлекеттік тілдегі мемлекеттік қызметті есепке алу журналы жүргізіледі.

          Жыл сайын Шахтинск өңірінің  білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалар үшін семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тікелей көрсететін қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін бұзуға жол бермеу мақсатында осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылады.

          Сонымен, Қарағанды облысының мемлекеттік корпорациясы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» ҰАҚ филиалының ХҚКО» Шахан кентінің №2 бөлімі, Шахтинск қаласының №1 бөлімі қызметкерлеріне 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Шахтинск қаласының білім бөлімінің қызметкерлері электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша 2 семинар өткізді.

          Көрсетілген кезеңде Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамаларын түсіндіру бойынша 8 семинар өткізілді.

Есеп беру кезеңінде білім бөлімі мен білім беру ұйымарына мемлекеттік қызметті көрсету сапасына шағымдар, білім саласында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу жағдайлары анықталған жоқ. Қағаз нысанда және «электронды үкімет» порталы арқылы түскен мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзусыз уақытында өңделеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында және электрондық қызметтерді дәріптеу жөніндегі буклеттер  мен брошюраларды тарату жұмысы жүргізілуде. 2019 жылдың  қаңтар-желтоқсан аралығында өңір халқының арасында 13054 брошюра мен буклет таратылды. Қамтылған халық саны -4313 адам.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 30 адамды қамти отырып, 8 іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңының 5-бабының 2- тармағының 6-тармақшасына сәйкес қызмет көрсетушілер мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға міндетті.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 76 адам мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша біліктілікті арттыру курсында білім алды:

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, 2019 жылғы 9 сәуір мен 11 сәуір аралығында Қарағанды ​​қаласындағы «Конструктивное решение» компаниясы «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өткізді.Осы облыстық семинарға Шахтинск қаласының білім бөлімі, Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлерінен 18 адам қатысты.

2019 жылғы 17 мамырда «Шахтинск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және білім беру ұйымдарының 39 қызметкері, 12 мектеп директорлары, директорлардың 24 орынбасары электрондық мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы «SAKURA: Электрондық мектеп» жобасын енгізу және іске асыру шеңберінде оқытылды.

2019 жылғы 9 қыркүйекте «MINDAL: Электрондық қосымша білім беру жүйесі» жобасын енгізу және іске асыру шеңберінде білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының 11 қызметкері, оның ішінде 3 білім бөлімінің қызметкері, 8-і қосымша білім беру ұйымдарының қызметкері «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» электрондық мемлекеттік қызметті көрсету саласында оқытылды.

- 2019 жылғы 8 қазан мен 10 қазан аралығында Қарағанды қаласында «Конструктивное решение» ЖШС фирмасы «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш облыстық семинарға Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді көрсететін 8 қызметкер қатысты.

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарында білім алған  Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдарының үлесі 100% құрайды.

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ соңынан ұсыныс бере отырып, стандарттарында және регламенттерінде сәйкессіздіктері бар мемлекеттік қызметтерді анықтау жұмысын жүзеге аыруды, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу жұмысын жалғастыруда.

- мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көрсетілген талаптарға сәйкестендіру мақсатында электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну шеңберінде Қазақстан Республикасының ақпарат және байланыс министрлігіне жіберілген «электрондық үкімет» порталының мазмұнын өзектендіруді қамтамасыз ету туралы (жаңартуға) 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 02-01-18/141 білім бөлімінің хаты;

- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қарағанды облыстық ақпараттық технолгиялар орталығы жіберілген стандартқа сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»мемлекеттік қызметіне «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесіне  өзгертулер енгізу туралы 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 03-16/231 білім бөлімінің хаты;

- «Шахтинск қаласының аппарат әкімі» ММ жіберілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартындағы және мемлекеттік қызмет тізіліміндегі бар коллизиялар туралы 2019 жылғы 6 ақпандағы № 02-01-18/309 білім бөлімінің хаты;

- Қарағанды облысының білім басқармасына жіберілген стандартқа сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметіне «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесіне  өзгертулер енгізу туралы 2019 жылғы 15 ақпандағы  № 02-01-18/387 білім бөлімінің хаты;

- «Шахтинск қаласының аппарат әкімі» жіберілген ММ мемлекеттік қызмет тілімінен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»  мемлекеттік қызметін алып тастау бойынша        2019 жылғы 18 ақпандағы № 02-01018/407 білім бөлімінің хаты;

- «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жіберілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы  2019 жылғы 4 сәуірдегі № 04-08-02/822 білім бөлімінің хаты.

2019 жылғы 1, 2, 3, 4 тоқсандары үшін Шахтинск қаласының білім бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялады:

- 2019 жылғы 22 ақпандағы № 7 нөмірінде жарияланған «Шахтинск қаласының білім бөлімінің garden.shahtinsk-edu.gov.kz порталы көмегімен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына  жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою» (авторы – А.Ю.Галкина).

- 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 15 «Қоғамдық қызметтерді автоматтандырудың ашықтығы және тиімділігі» (авторы - А.Ю. Галкина).

- 2019 жылғы 31 мамырдағы № 21 «Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» (авторы – А.Ю. Галкина).

-  2019 жылғы 28 маусымдағы № 25 «Есеп алу тәртібі» (авторы – С.А. Курмашева).

-  2019 жылғы 30 тамыздағы № 34 «Орта білім беру ұйымдарында электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну» (авторы – Шахтинск қаласының білім бөлімі).

- 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 38 «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» (авторы – А.Ю. Галкина).

- 2019 жылғы 15 қарашадағы № 45 «Цифрлық сауаттылықты арттыру» (авторы – «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ).

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қол жеткізу үшін Шахтинск қаласының білім бөлімінің www.shahtinsk-edu.gov.kz ақпараттық сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі ашылды.  Бұл бөлімде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, халықты қабылдау кестесі мен мемлекеттік қызмет көрсету функцияларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының байланыс мәліметтері жарияланады. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін әр мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету инфографикасы, сондай-ақ, қандай да бір  мемлекеттік қызметті алу үрдісін сипаттайтын чек-парақшалар әзірленді.
Инфографика және чек-парақшалар қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде, сондай-ақ білім беру бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Шахтинск өңіріндегі барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық стендтер бар.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар осы қоғамдық қызметтерді сапалы, уақтында және тиімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

            Басшының м.а.                                                                                А.  Мусина


Размещение информации: 10.02.2020 15:47

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.55
Euro 454.18
Рубль 5.81

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары