www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің  13 түрін  көрсетеді.

         2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі есеп беру кезеңінде 1170 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың 981-і «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш түскен жоқ.

          Әлеуметтік салада сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметі – 304, «Мүгедектерге протездік ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі - 161.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді қарау мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ.

          Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтердің  стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдірген азаматтарға қызмет алу тәртібі, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы қызмет алу тәртібі түсінікті тілде түсіндіріледі. Ақпараттық стендтерде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы баламалы түрде осы қыметтерді алу мүмкіндігі көрсетілген осы және өзгеде қызметтердің құжаттар тізілімі орналастырылған. Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жан-жақты толық ақпарат берілген буклеттер әзірленді және таратылды.

          БАҚ  мемлекеттік қызметтер бойынша мақалалар үнемі жарияланады. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді  көрсету бойынша 5 мақала және «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша 5 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру бойынша 2 «дөңгелек үстел» өткізілді. Қала әкімдігінің және мемлекеттік мекеменің  ресми интернет-ресурсында ақпарат жүйелі түрде жарияланады.

          Ғимараттың кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұтқамен жабдықталған пандус бар. Есіктердің көлемі, дәліз ені, қызмет көрсету аймағының ауданы және санитарлық торап жабдықтары қозғалысында қиындығы бар мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарына сай. Күту залында отыруға арналған орындар, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар.

 

 

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар  

бөлімі» ММ басшысы                                                      Р. Меллятова

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:45

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:46

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары