www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

«Шахтинск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің 8 түрін көрсетеді:

1) "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру"  (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығы);
2) Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру  (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы);
3) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы);
4).Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығы);
5) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 567 бұйрығы);
6) Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 917 бұйрығы);
7) Ағаштарды кесуге рұқсат беру (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығы)
8) Тұрғын үй сертификаттарын беру (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығы).
Есеп беру кезеңінде сұранысқа ие болған мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жөне кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі (180 қызмет көрсетілді).
«Шахтинск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері ақпараттық стендерде  орналастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, нақты атап айтқанда, персоналды шақыру тетігі, пандустар  және Брайль бедерлік -нүктелі қарпімен жазылған ақпараттық стенд  орнатылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша бөлімде ай сайын ашық есік күні өткізіледі.
«Шахтинск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.


«Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК,
АЖ және ТИ бөлімі» ММ
басшысының м.а.                                                                             А. Самиев

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:42

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:44

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.55
Euro 454.18
Рубль 5.81

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары