www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

       «Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ мен  «Шахтинск қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Шахтинск қалалық ветеринариялық станциясы» КМК  келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

1) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;

2)   «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»;

3) «Ветеринариялық анықтамалар беру»;

4) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу».

2019 жылы  4056 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» - 9 қызмет;

2) «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» - 7 қызмет;

3) «Ветеринариялық анықтамалар беру» -  585 қызмет;

4) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» - 3455 қызмет көрсетілді.

«Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ мен  «Шахтинск қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Шахтинск қалалық ветеринариялық станциясы» КМК мамандары барлық қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес көрсетеді.

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ, шағымдар түсен жоқ.

4 қызметтің 2–еуі ақылы негізде көрсетіледі, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құны мен ветеринариялық паспорт бере отырып, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді барысында чип құны ақылы негізде беріледі, қалған қызметтер тегін көрсетіледі.

Халықты көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында, бөлімде мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылды. Бөлімнің мамандары жергілікті БАҚ-да кезең-кезеңімен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру жөнінде мақалалар жариялайды, 2019 жылы осы мәселе бойынша 4 мақала,  Шахтинск аумағында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 4 мақала жарияланды.

Саны 578 дана ақпараттық буклеттер мен брошюралар тарату жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту және оларды мерзімінде көрсету жөніндегі кеңестер басшы бекіткен жоспарға сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.

Бөлім қызметшілерінің біліктілігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жөніндегі құқықтық жалпы оқулар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, түсіндіру жұмыстары өткізіледі.

Бөлім ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің кіре берісіне пандус орнатылды және маманды шақыратын шақыру тетігі орнатылды. Брайльдің  бедерлік-нүктелік қарпімен жазылған жанасу тақтайшалары, қозғалыс бағыты бойынша кіру (шығу) көрсеткіштері орнатылды.

Мемлекеттік қызметтің әрбір түрі бойынша өтініштерді тіркеу журналы жүргізіледі. Журналдар істер номенклатурасына енгізілген, тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар 2020 жылы жалғасатын болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  көрсету туралы ақпарат қала әкімдігінің  www.shahtinsk.gov.kz. веб-сайтында орналастырылды.

«Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ сенім телефоны жергілікті БАҚ парақтарында жарияланды.

 

«Шахтинск қаласының

ветеринария бөлімі» ММ

басшысы                                                                                        М. Эльмурзиева

 

 

 


Размещение информации: 10.02.2020 15:39

Последнее изменение информации: 10.02.2020 15:41

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары