www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді алудың бірнеше жолы бар, бұл: мемлекеттік органдар, яғни қызмет көрсетушілер; халыққа қызмет көрсету орталықтары; электрондық үкімет порталы арқылы.  Долинка кенті әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 18 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

2. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

4. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

6. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

7. Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

8. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

9. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;

10. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

11. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;

12 Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

13. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

14 . Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;

15. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

16. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

17. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

18. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

Есеп беру кезеңінде 23 қызмет көрсетілген,  оның ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша-23 қызмет.

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

         Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша ақпараттандыру үшін көрнекі ақпарат (стандарттар, өтініштердің үлгілері) стенды ілінген. «Электрондық порталға» қызығушылықты арттыру мақсатында әкім аппараты қарқынды жұмыс жүргізуде.   Кент әкімі аппаратында тұрғындарға кент аумағынан тыс жерге шықпай, электрондық мемлекеттік қызметтерді өздері алуға мүмкіндік беретін өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жаңа үлгідегі жеке куәліктің «чипіне» енгізілген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану үшін картридер қосылған, бұл азаматтарға тікелей кентте қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы бұрыштың көмегі  арқылы тұрғындар 34 қызмет алды. Кенттің орталық көшесінде осы тақырыпта 2 баннер орнатылды. Буклеттер үнемі таратылады. Тоқсан сайын «Шахтинский вестник» газетінде мақалалар жарияланады, «Электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру туралы бейнероликтер трансляциясы жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәсесі бойынша біліктілікті арттыру курсында 1 маман білім алды. 2019 жылдың қараша айында Долинка кентінің мәдениет үйінің ғимаратында тұрғындармен кездесу өткізілді, онда 2020 жылға арналған АӘК жаңа тәсілдерін түсіндіру бойынша кенттің аз қамтылған және көп балалы отбасылары шақырылды, халықты қамту 13 адамды құрады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті жағдайлар жасау жұмыстары  жүргізілді. Әкімдік ғимаратының кіре берісіндегі пандус нормаға сәйкестендіріліп қайта салынды, персоналды  шақыру тетігі, балдақтарға арналған ілмектер, Брайль қарпімен жазылған ақпараттық стенд орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бұдан әрі арттыру және оны уақытында көрсету мәселесі тұрақты бақылауда , мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылданады, мониторинг жүргізіледі. Бұдан әрі тиімділікті арттыру  мақсатында тоқсан сайынғы құқықтық жалпы оқулар, мемлекеттік қызметтер саласындағы жұмыстың жай-күйін талдау жалғасатын болады.

 

    

Кент әкімі                                                                                  М-С.И. Бдуов


Размещение информации: 10.02.2020 10:40

Последнее изменение информации: 10.02.2020 10:58

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары