www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызмет

көрсету мәселесі жөніндегі  2019 жылғы қызметі туралы есебі

 

2019 жылы «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ  18 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

1

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

2

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

4

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

5

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

6

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

7

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

9

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

10

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

11

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

12

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

13

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

14

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;

15

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

16

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

17

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

18

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

 

         

       Есеп беру кезеңінде 3 мемлекеттік қызмет бойынша (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру) регламенттер күшін жойды, ал жаңа рекламенттер бекітілген жоқ.

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату, жер учаскесін алу үшін кезекке қою сияқты 2 мемлекеттік қызмет бойынша регламенттер әу баста  бекітілмеген болатын.

       13 мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер бекітілген.

4 қызмет ақылы негізде, 9 қызмет ақысыз және 5 қызмет ақылы/ақысыз негізде көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша: қағаз түрінде – 8 қызмет, электронды/қағаз түрінде – 8 қызмет көрсетілді.

2019 жылы неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

·        Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 17 қызмет;

  • Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру – 1 қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу нәтижесі бойынша барлық қызметтер уақытында көрсетілген, әр мемлекеттік қызмет түрі бойынша жеке 18 өтініштерді тіркеу журналы басталған. Журналдар істер номенклатурасына енгізілген, тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және шағымдану ресімі туралы хабардар болуларын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру аясында 7 іс-шара, атап айтқанда «Ашық есік күндері» және Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына ыңғайлы болуы үшін әкім аппаратында қажетті ұйымдық техникамен және ақпараттық стендтермен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс  істейді, сонымен қатар  мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш білдірген жағдайда әкім аппаратының мамандары өтініш берушіден құжаттарды қабылдауға ыңғайлы жағдай жасаған: пандус орнатылған, сондай-ақ  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың  мамандарды шақыртуына арнайы шақыру  тетігі  орналастырылған, Брайль қарпімен жазылған   тақтайшалар жасалып, мамандардың кабинеттерінің  есіктеріне ілінген. Электрондық үкімет бастамасын жария ету жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес «Шахтинский вестник» газетінде халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 4 мақала жарияланды.

Қазіргі уақытта тұрғындар арасында электронды порталда  мемлекеттік қызмет көрсету  туралы 700-ден астам   буклет  таратылды.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік қызметтерді анықтау жұмысы үнемі жүргізіледі, соңынан әр тоқсанның 5-не дейін ұсыныс енгізіледі.

Әкім аппаратының қызметкерлері арасында  құқықтық жалпы оқу үнемі өткізіледі, оның ішінде   мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамалардың талаптарын  түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2019 жылғы 14 мамырда «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау жөніндегі бас инспекторы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама  талаптарының сақталуына бақылау жасау іс-шарасын жүргізді. Ішкі бақылау нәтижесі бойынша акт жасалды және ұсыныстар берілді.

 

 

 Кент әкімі                                                                      А. Тусупов


Размещение информации: 10.02.2020 10:38

Последнее изменение информации: 10.02.2020 11:01

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары