www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі 2019 жылғы қызметінің есебі

«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі 2019 жылғы қызметінің есебі

 

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес (ҚР Үкіметінің 03.09.2018 ж. № 548 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ 18 қызмет түрін көрсетеді, 16 мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер бекітілді, 2 мемлекеттік қызмет бойынша тек стандарттар ғана бекітілген.

          2019 жылы «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті:

 

1

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

2

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

4

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

5

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

6

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

7

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

9

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

10

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

11

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

12

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

13

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

14

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

15

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

16

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

17

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;

18

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

 

                 Есеп беру кезеңінде 2 мемлекеттік қызмет бойынша (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру) регламенттер күшін жойды, ал жаңа рекламенттер бекітілген жоқ.

               4 қызмет ақылы негізде, 9 қызмет ақысыз негізде, 5 қызмет ақылы / ақысыз негізде көрсетіледі.

            Мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша - қағаз түрінде - 8 қызмет, электронды / қағаз түрінде - 8 қызмет көрсетіледі.

          2019 жылы ең танымал мемлекеттік қызметтер:

          - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - 25 қызмет;

          - өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама беру - 7 қызмет;

          Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында  Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері болған жоқ.

          2019 жылы мемлекеттік қызметтерді  көрсету сапасын жақсарту мақсатында 23 ақпараттық іс-шара өткізілді.

          Халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлылығы үшін әкім аппаратында қажетті кеңсе жабдықтарымен және ақпараттық стендтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалған (қперсоналды шақыру тетігі, пандус, Брайль қарпімен жазылған маңдйшаоар).

          Бүгінгі таңда халыққа электрондық үкімет порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 341-ден астам буклет таратылды.

     Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік қызметтерді анықтау жұмысы үнемі жүргізіледі, соңынан әр тоқсанның 5-не дейін ұсыныс енгізіледі.

Әкім аппаратының қызметкерлері арасында  құқықтық жалпы оқу үнемі өткізіледі, оның ішінде   мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамалардың талаптарын  түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2019 жылы «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау жөніндегі бас инспекторы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама  талаптарының сақталуына бақылау жасау іс-шарасын жүргізді. Ішкі бақылау нәтижесі бойынша акт жасалды және ұсыныстар берілді.

         

 

  Шахан кентінің әкімі                                                                     Г. Умирбеков

 


Размещение информации: 10.02.2020 10:38

Последнее изменение информации: 10.02.2020 11:02

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары