www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2019 жылғы қызметі туралы есеп

Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша

2019 жылғы қызметі туралы есеп

 

 

  1. Жалпы ереже

Мемлекет басшысы мемлекетті басқару органдарының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде халыққа бағыттау болып табылады.

Осыған байланысты Шахтинск қаласының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 95 қызмет түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің талдауы 2019 жылы Шахтинск қаласында 23 538 мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін көрсетті. Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі өткен жылмен салыстырғанда 165 есе артты және  көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 41% пайызын құрады. Мемлекеттік корпорация арқылы 6 685 қызмет көрсетілген, ол 2018 жылдың сәйкес көрсеткішінен 8%-ға жоғары. Қағаз нысанда 7 181 қызмет көрсетілген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға төмендеген.  

Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

білім беру саласында - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (1661 қызмет көрсетілген) және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (12229 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметтері;

халықты әлеуметтік қорғау саласында – «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (336 қызмет көрсетілген), «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметтері (188 қызмет көрсетілген);

халықты жұмыспен қамту саласында - «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» (1406 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласында - «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» (67 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

ветеринария саласында – «Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (3455 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

          сәулет және қала құрылысы қызметі саласында - «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» (237 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

  жер қатынастары саласында  – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (237қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында – «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» (512 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

дене шынықтыру және спорт саласында – «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» (114 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі;

азаматтық хал актілерін тіркеу саласында – «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» (2498 қызмет көрсетілген) мемлекеттік қызметі.

  1. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.

            Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтреді көрсетететін Шахтинск қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық стендтер бар, ресми сайттарда барлық қажетті ақпарат жарияланған, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі.

          Жыл басынан бастап мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 110 түсіндіру іс-шарасын өткізді, 11 мың адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу тәртібін, қызмет алушылардың құқықтары мен шағымдану тәртібін түсіндіретін 21 мыңнан астам брошюра мен буклет таратқан. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі біліктілікті арттыру курстарында  және семинарларда мемлекеттік қызметт і көрсетуге жауапты 86 қызметкер  білім және сертификат алды.

  Өңір халқының мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алуға қызығушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алуды танымал ету үшін орталық көшелерде баннер ілу жұмыстары жүргізіледі: ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша кенттерде «Digital agent» мобильді қосымшасын насихаттайтын 3 баннер ілінген, Шахтинск қаласының орталық көшесінде Led-экранда «Электрондық үкімет» порталын және «Digital agent» мобильді қосымшасын насихаттайтын бейнеролик көрсету ұйымдастырылған.

Кент әкімі аппараттарының ғимаратында және Жұмыспен қамту орталығында жалпыға қолжетімді жерде қызмет алушылар үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді. 13 білім беру ұйымдарында -«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді.2019 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу мүмкіндігін қала мен кенттердің 1 302 тұрғыны пайдаланды.

Қызмет көрсетушінің азаматтармен тікелей байланыс жасауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ, электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру шаралары қабылданып жатыр.

12 ұйымда мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алуды насихаттайтын бейнероликтер үнемі көрсетіледі. Бұдан бөлек, жоғары сынып оқушылары үшін сынып сағаттарында, сондай-ақ, қала әкімдігінің, білім бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Халықты жұмыспен қамту орталығының ресми интернет – ресурстарында бейнеролик көрсету ұйымдастырылған.

Жергілікті атқарушы органдар электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуға ерекше көңіл бөледі. 2019 жылы бюджет қаражаты есебінен  әртүрлі санаттағы 4 907 адам «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» бағдарламасы бойынша білім және сертификат алды.

Жыл ағымында бекітілген кестеге сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қалалық №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп  мемлекеттік органдардың қызметкерлерін «Электрондық үкімет» веб-порталында жұмыс істеу машығына үйрету сабақтары жүргізілді. 2019 жылы оқумен бюджеттік саланың 284 қызметкері қамтылды. Оындай жұмыс 2020  жылы да жалғасады.

          2019 жыл ағымында мемлекеттік қызметтерді көрсетететін мемлекеттік ұйымдарда ай сайын «Ашық есіктер күні» өткізілді, 610 қызмет алушы консультация алуға жүгінді.

          2019 жылғы 20 наурызда, 28 маусымда, 20 қыркүйекте және 22 қарашада «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізу шеңберінде қала мен жапсарлас кенттердің 263 тұрғыны консультация алды.  

          «Ашық есіктер күні» мен жәрмеңкелерді өткізу тәжірибесі 2020 жылы да үнемі жүргізіледі.

          Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі – мемлекеттік басты басымдылығы. Сондықтан қызмет көрсетушінің міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет алу барысында мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар үшін барлық жағдайлар жасау.

          Қазіргі кезде мемлекеттік қызметті көрсететін барлық мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары шақыру тетігімен жабдықталған. Сонымен қатар, Брайльдің рельеф-нүктелік қарпімен жазылған ақпараттық кестелерді, тактильді плиткаларды орнату сондай-ақ, пандустарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда.

          Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы мәселесі ерекше бақылауда тұр, соған байланысты ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалық деңгейде көрсету арқылы арқылы халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жұмыс өз жалғасын табады.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту және қызмет көрсетушінің азаматтармен тікелей байланыс жасауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мақсатында білім бөлімі «CUSTOM SOLUTIONS CENTER» ЖШС бірлесіп Шахтинск өңірінің 12 орта білім беру ұйымында «SAKURA: Электрондық мектеп» жобасын енгізу жұмысы жүргізді. Аталмыш ақпараттық жүйені енгізу сомасы 16 071 393 тенгені құрады. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап үш мемлекеттік қызмет түрін көрсету Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру») электрондық нысанда жүзеге асырылады.

2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау » мемлекеттік қызметі ЭЕМ арналған «MINDAL: Қосымша білім беру электрондық жүйесі» арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысын жоюға, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысының ашықтығын және мөлдірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау  

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жыл басынан бастап 20 бақылау іс-шарасы өткізілді, бақылау іс-шараларын өткізу барысында әртүрлі сипаттағы 145 заң бұзушылық анықталды. Іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған 28 ұсыным әзірленді және орындалды, тәртіптік жазаға 6 қызметші тартылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында бақылау іс-шараларын жүргізу барысында сарапшы ретінде «Нұр Отан», Кәсіпкерлер палатасының және Мемлекеттік корпорацияның өкілдері тартылды.

Есеп беру кезінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімі 24 рет бұзылғандығы анықталды. Стандарттардың мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін  3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.

5. Бұдан әрі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына  қанағаттануын арттыру  перспективасы 

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен бұдан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады.

Проактивті мемлекетке көшу шеңберінде басты жұмыс тұрғындардың өз бетінше электрондық нысанда қызметтерді алу сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

 

 

Шахтинск қаласы әкімі

аппаратының мемлекеттік

қызметтерді көрсетуге бақылау

жасау жөніндегі бас инспекторы                                    О. Панина

 

 

 


Размещение информации: 13.02.2020 16:28

Последнее изменение информации: 13.02.2020 16:38

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 25°C , ылғал 23%, қысым 715, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.55
Euro 454.18
Рубль 5.81

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары