www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Партиялық бақылауда

Сыбайлас жемқорлықты еліміздің экономикалық дамуына тежеу болатын, биліктің беделін түсіретін, теңдік және әділдік қағидаттарын бұзатын заманауи қоғамның жағымсыз құбылысы деп тани отырып, Қазақстан барлық қоғамдық және мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықтың байқалуын төмендету бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік жауыздыққа қарсы күрес жүргізу барысында «Нұр Отан» халықтық – демокартиялық партиясы да өз міндеттерін алдына қойды. Осы жұмыстың үйлестірушісі «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес болып табылады. Өткен аптада Шахтинск қаласына СЖКРҚК сараптама тобының мүшесі, паритяның орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің инспекторы Ю.Сыпченков келді. Жұмыс сапары барысында мемлекеттік органдармен, қалалық партия ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, осы саладағы заңды сақтау, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз-қарасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Партияның Шахтинск қалалық филиалына кездесуге мемлекеттік құрылымдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
Есептерді және мәселенің мән – жайын тыңдап Юрий Сыпченов нұротандықтарды осындай маңызды жұмысты күшейтуге бағыттады, сыбайлас жемқорлық санатына енетін құқық бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейтетін заңнамаларға енгізілген жаңа түзетулер туралы ескертті. Астаналық инспектордың сөзі бойынша барлық ұсынылған ақпарат қорытындыланып, СЖКРҚК қарастыру үшін Қарағанды облысы бойынша сараптама тобының мүшелері дайындап жатқан жалпы есепке енгізіледі.
Өз тілшімізден.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары