www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты талдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы жыл сайын Ел Басының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрініс табады. Мәселен, «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауларында  құқық қорғау жүйесін оңтайландыра отырып, екпін азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғау, сондай-ақ  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес күрес жүргізуді қамтамасыз ету жағына ауыстыру жолымен құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру саласындағы негізгі басымдылықтар көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында жинақталған тәжірибе қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеует болып табылады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты жүргізу үшін айтарлықтай мүмкіндіктерімен қоса, әлсіз және күші жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері бар, талдауға сәйкес оларға мыналар жатады:

Күшті жақтары:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі нормативтік құқықтық базаның бар екендігі
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әреке ету саласында қалыптасқан тәжірибе
3. Ақпараттық инфроқұрылым саласындағы мемлекеттік органдардың қолында бар әлеуеті
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мемлекеттік саясаттың басымдылықтардың бірі болып табылады.

Әлсіз жақтары:
1. Сыбайлас жемқорлықтың барлық салада кеңінен таралуы
2. Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің жеткіліксіздігі
3. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің жеткіліксіз ашықтығы 
4. Халықтың және мемлекеттік қызметшілердің менталитеті

Қазақстан біздің орта азиядағы басқа көршілеріміздің үкіметі мен азаматтық қоғам институттары сияқты еш әрекет етпей отырса да бұл салада көп жұмыстар жүргізіп жатқандай көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқтығын атап өтуіміз керек. 2015 жылға қарай Қазақстан үкіметі елімізді сыбайлас жемқорлыққа деген көз-қарас саласында 180 елдің арасында 90 орыннан төмен емес деңгейге шығаруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабу жөніндегі жұмыс жоспарлы, үдемелі сипатта жүргізіліп жатыр және бұл мәселе Ел Басының бақылауында. Жыл сайын Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жөніндегі комиссия отырысында Ел Басы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіліп отырған жұмыстың қорытындысы шығарылады. 2011 жылы барлық іс-шаралар 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүргізілсе, қазіргі кезде үкімет және тиісті мемлекеттік органдар 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі жаңа салалық бағдарламаны іске асырып жатыр. Қазірдің өзінде жауапкершілікке тартылып жатқан жемқорлардың қатарынан үкіметтің барлық саласындағы басшылар жиі кездесетінін көруге болады.
Сонымен қатар тиісті құқық қорғау органдарының өздерінің міндеттерін адал орындау нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен бірге кемшіліктер де орын алуда. Мәселен, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық дау-жандалдары әр түрлі қаржы - өнеркәсіп топтары, жеке саясаткерлердің, әр түрлі деңгейдегі шенеуліктердің арасындағы күрестің тиімді тетігі болды. Осының нәтижесінде кейбір азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі  мемлекеттік органдарға, олардың қызметінің нәтижелілігіне  сенімсіздік пайда болады.  Осы арада біздің халқымыз да екі жақты көз-қараста екенін ұмытпауымыз керек. Мәселен,  жемқорларды сынай отырып, ұйым қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекетін ынталандыра отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай жасай отырып өздері де жемқорлық әрекеттерге қатысушы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жазалау әдістерімен ғана емес, сондай-ақ халық арасында құқықтық тәрбиені және әр түрлі сыбайлас жемқорлық әрекеттер нысанын қабылдамауды насихаттауға бағытталған ақпараттық – тәрбиелеу жұмыстарымен жүргізілу керек. Бұл ретте өте адал және орын алған деректерді айтуға батыл болу керек!

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорын 
Қарағанды облысының филиалының 
Шахтинск қаласының № 1 бөлімі


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 9°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары