www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қарағанды облысының әрбір тұрғыны тұрмыстық жемқорлықты жоюға өз үлесін қоса алады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен (одан әрі – Департамент) «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылды. Аталмыш бастама туралы алғаш рет ағымдағы жылы қаңтардың соңында өткен Агенттіктің алқа отырысында Агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев сөз қозғаған болатын.

Департамент басшысы Жандос Сәрсеновтің айтуы бойынша аталмыш жоба үш түрлі форматта жүзеге асырылады:

Бірінші – қоғамдық бақылау картасы – танымал әлеуметтік желілер, колл-орталықтардың негізінде құрылған. Бұл форматтың артықшылығы азаматтар үшін ыңғайлы болуында. Оларға қандай да бір қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Күнделікті қолданыстағы әлеуметтік желілерді пайдаланып немесе қоңырау шалса жеткілікті. Әлеуметтік желілерді қолдану мемлекеттік орган мен халық арасындағы көпір қызметін атқаратын болады. 

Екінші – қоғамдық бақылау картасы – азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы қамтамасыз етіледі. «Qamqor» қосымшасы арқылы келген хаттар автоматты түрде уәкілетті органға жолданатын болады.   

Үшінші – қоғамдық бақылау картасы – аймақтық арнайы мониторингтік топтардың желісі негізінде жүзеге асырылады. Қарағанды облысында қалалық және аудандық деңгейдегі арнайы мониторингтік топтардың желісі құрылды.

Азаматтармен қарым-қатынас жасаудың жоғарыдағыдай схемасы қоғамдық бақылаумен әрбір қала, аудан және ауыл аймақтарды қамтуға мүмкіндік береді.

«Мұндай жұмыс алғаш рет іске қосылып отыр, осыған орай, мен, облысымыздағы барлық азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, жемқорлық фактілері жайлы хабарлауға шақырамын», -  деп атап өтті Департамент басшысы Жандос Сәрсенов.

Тағы да бір еске сала кететін жәйт, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәлелденген жемқорлық фактілері жайлы хабар берген азамат 30-дан 100 АЕК дейін көтермеленеді.


Размещение информации: 11.04.2018 17:39

Последнее изменение информации: 11.04.2018 17:45

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары